Қарағандылық майор мен адвокаттың пара алу оқиғасы

11.10.2019, 12:51

80

Қарағандылықполиция қызметкері қылмыстық істі жауып тастамақшы болған және сол  үшін қомақты қаражатты пара ретінде алған.Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

 Алдына келіп түскен істен бір пайда көріпқалуға тырысатын полиция қызметкерлерінің бар екені бүгінгі қоғам  үшін жасырын емес. Қарағандылық майоршеніндегі полиция маманы өзіне тексеруге жіберілген істі бұрмалап жібермекболған. Ол жаяу жүргіншіні қағып кетіп, денсаулығына зиян  келтірген көлік жүргізушісіне көмектесудіойлаған. Көлікті тізгіндеген  әйел адамныңадвокаты қылмыстық істі жапқызу үшін алты жүз мың теңге көлеміндегі параныполицияға беру керектігін айтыпты. Ал жазалы болудан қорыққан көлік жүргізушісіадвокат арқылы  сұраған қаражатты беріпжіберген. Осыдан кейін адвокат пен полиция қызметкері алты жүз мың теңгені үшжүз мыңнан бөліп алады.Осымен екі жақта бір-бірінің көмегіне дән риза болыптарқасады. Алайда кейін тексеріс жүргізген Октябрь ауданының прокурорлары  көлік жүргізушісінің жол көлік оқиғасындакінәсінің бар екенін  анықтапты. Осыдансоң қылмыстық іс қайта қозғалады. Жазадан құтылудың сәті түспеген күдіктіадвокатынан қаражатты қайтаруды талап еткен. Адвокат үш жүз мың теңгеніқайтарып берген. Алайда оңай жерде олжалы болған полиция қызметкері алғанпарасын қайтармай қашып жүріпті. Тіпті алған ақшасынан айрылғысы келмеген майорбасқа аудандық полиция бөліміне жұмысқа ауысып кеткен. Пара берген көлікжүргізушісі  полиция қызметкерініңүстінен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне  шағым түсірген.

Көлікжүргізушінің қуғындауынан шаршаған майор қаражатты қайтаруға еріксіз шешім қабылдапты.Ол ақшасын күдіктіге қайтарып жатқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл департамент мамандарының құрығынатүскен.

Бүгінде Октябрьаудандық  соты полиция қызметкерін параалды деген күдік бойынша кінәлі  дептауып, оған 15 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Фото: dela.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды
Еркежан АРЫН 12.04.2021, 04:30
Ақпарат министрлігі БҰҰ елдері жастарымен бірлесіп экологиялық акция өткізуді ұсынады
Еркежан АРЫН 11.04.2021, 15:55
Президент БҰҰ виртуалды форумында не туралы айтты?
Еркежан АРЫН 10.04.2021, 15:36
Қазақстан Қарулы күштері: НАТО-мен ынтымақтастық

Аңдатпа


  • Қазақстанның үздік университеті беделді халықаралық аккредитациядан өтті
    12.04.2021, 18:00
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16