Қарағандыны биыл да су басты

26.03.2018, 22:43

253

Қарағанды облысының тұрғындарына күн сайын су қаупі туралы ескерту жариялануда. Өткен аптаның өзінде көп мөлшерде жауған жаңбырдан облыстың үш елді мекенін су басты. Атап айтқанда, Теміртау, Абай қалаларымен Бұхар Жырау ауданына қарасты Көкпекті аулының 12 үйіне су кіріп, Қарағандының өзінде 6 тұрғын үйге тобықтыдан асатын су кірген.«Он жеті жылдан бері ешқашан үйімізге су кірмеген. Енді міне барлық жиһаздарым суға кетті. Бұл үшін ешкім жауап та бермейді. Менің алатын зейнетақым азығымнан артылмайды. Кім енді қалпына келтіреді» деп зар жылаған Ольга ШАТОХИНА Қазыбек би аудандық әкімшілігіне кешкілік төрттер шамасында хабарлаған. Түңгі үштерде көмекке келген құтқарушылар  еш нәрсе жасамаған. Тек ертенінде ауладағы суды сорып кеткен.Көршілес Бақыт АСЫЛХАНОВАНЫҢ пешіне су тигеннен істен шыққан. Ызғар әлі болатынын білетін ол, енді алдағы уақыттарда баспанасын қалай құрғатарын білмей дал.«Қымбатқа сатып алған апталап жанатын пеш кетті. Әлі үш- төрт ай  суық болады. Сонда мен не істемекпін. Ерте хабарластық, түнде бірақ келді. Ол кезде су үйімізге кіріп үлгерді. Құтқаруға келгендер үш метрлік шлангі ғана алып келген. Онымен қалай су сормақшы. Салғырттық барып тұрған».Құраманғазы көшесінде былтыр көше жолын жөндеген. Алайда, ескі арықтардың орнын жауып, орнына жаңасын салмаған. Мұны әкімшіліктегі қадағалау бөлімі мойындайды.«Былтыр жолды салған комапния арықты салмай кеткен. Бұл деген үлкен қателік. Енді алдағы жылы кепілдік мерзімі біткен жоқ. Сондықтан аталған компанияға кемшілікті жөндетеміз», —  деген Қали ОРАЗБЕКОВ Қарағанды қаласы абаттандыру бөлімінің жетекшісі кемшілікті бүгін ғана аңғарып тұрғандай.Сонымен қатар,  төрт көлік жолын су шайды. Қарқаралы мен Бұхар Жырау аудандарында жол ашылғанымен,  Ынталы  — Бесоба және Талды – Ақбай – Қызылбай жолдары осы күнге дейін жабық. Қазгидромет басшылығы түнде су қатқанымен қауіптің барын жоққа шығармады.-Облыста ескерту жарияланды. Қардағы артық судың мөлшері 141 млн кубты құрап отыр. Алайда, деңгей азайғанымен судың тасу қауіпі сейілген жоқ. Жер үйлер мен көлік жолдарын шаю мәселесі өзекті. Ол үшін жергілікті әкімшілік жұмыс жасап жатыр, — дейді Роман АНДРИАНОВ Қарағанды облыстық «Қазгирдромет» филиалының директоры. 

Айман Сағатай, Қарағанды облысы

Фотолар автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39