Қарағандының мұғалімдері "орақ пен балғаны" символымыз деп санайды

05.07.2019, 21:10

220

Абай ауданына қарасты Ақбастау ауылының шет жағындағықыраттың үстінде кезіндегі қызыл империяның белгісі орақ пенбалға мен мұндалап тұр.

Ақбастауауылының тұрғыны Аспандияр СЕЙСЕНОВТІҢ айтуынша, бұл белгіні алып тастау туралыұсыныс осыдан екі  жыл бұрын айтылыпты. Алайдасодан бері бұл белгіден кімнің қорқатыны белгісіз әйтеуір алынбай қойыпты. Былтырғыжылы  Ақбастау ауылына балалар алаңқайынсалған әрі мешіттің құрылысына көмектесіп демеушілік  еткен кәсіпкерден бір топ ауыл тұрғындарыорақ пен балғаның символын алып тастап, орнына көк туымызды желбіретіп қойсақдеген өтініш білдірген. Алайда кәсіпкер келіскенмен Ақбастау ауылының әкіміРымбек ТҰЯҚБАЕВ бұл мәселені ауыл тұрғындарының барлығынан сұрап барып бірақшешеміз дегенді айтыпты.

— Мен айтқам, «енді ешкімді жинамай-ақ бұл белгіні алыптастайық та, өзіміздің тәуелсіз еліміздің туын орнатайық», деп. Оған әкімболмай халықты жинады, жиналғандардың көбісі мұғалімдер болды, онын көбісі «бұлбіздің символымыз, оны алғызбаймыз», деп қарсы шықты. Сосын бұл мәселе сол күйітағы қалды. Жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мұғалімдердің кеңестік кезден қалғанбелгіні символымыз деуі енді дұрыс емес деп ойлаймын. Ақбастауда су, жол жәнебасқа да мәселе шешілген, ол жағына тағар кінәміз жоқ. Мұнда біреумен дауласып,мұқатайын деген ойым жоқ, менікі тек тәуелсіз елдің айшықты белгілері тұрсадеген ұсыныс қана, — дейді ақтастаулық Аспандияр Сейсенов.

Жиналысқакелген тұрғындардың басым бөлігі бұл ескерткішті алып тастауға қарсыболғандықтан оны ешкім алып тастай алмаған. Ал тәуелсіз елдің көк байрағынауылға кіре берістегі басқа бір жерге орнатыпты. Тау жақта тұрған орақ пенбалғаны кейбір тұрғындар қастерлейді екен. Кейінгі кезде оның сыры кетебастаған жерлерін қалпына келтіріп, қызыл бояумен бояп қойған. Осылайша орақпен балға Ақбастау тұрғындарының бір бөлігіне қастерлі белгі тәрізді көрінсе,екінші бір бөлігінің көздеріне күйік болып көрінуде. Ақбастау ауылының әкіміРымбек Тұяқбаевтың айтуынша жиналыста орақ пен балғаны алып тастау мәселесікөтерілгенмен, тұрғындардың басым бөлігі бұған қарсы шығыпты. Дегенмен халықтыңұсынысы бойынша хаттама толтырылып Абай ауданындағы қоғамдық кеңескежолданыпты.

— Негізі орақ пен балға тұрған жерге бұрын Германияғакөшіп кеткен немістер осында келгенде суретке түсіп, қыдырып барып жүреді. Аленді біз мұны тұрғындардың көбісі қарсы болған соң бірден алып тастай алмаймызғой, сол себепті сабырлық ету керек, уақыт қажет. Барлығы бірден жүзеге асабермейді ғой, — деп ауыл әкімі Рымбек Тұяқбаев өз пікірін білдірді.

Айта кетукерек, осы мәселені көтеріп жүрген Ақбастау ауылының тұрғыны Аспандияр Сейсеновбұған дейін орақ пен балғаны алғызу жөніндегі мәселені Facebook парақшасына салып,бұл да желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен болатын.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08