«Қарапайым заттар экономикасы» агроөнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді

Сайт әкімшілігі

07.08.2020, 16:00

17

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Осы ретте Аграрлық несие корпорациясы елдің агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру саласындағы көшбасшы болып отыр. Қазіргі уақытта елімізде 2021 жылға дейін есептелген Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Бағдарламаны іске асыру барысында жоспарланған нәтиже:

• ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін бір жұмысшыға 1,2 миллион теңгеден 3,7 миллион теңгеге дейін арттыру;

• өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын 945,1 млн. АҚШ долларынан 2400 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту;

• өнеркәсіпке негізгі капиталға инвестициялар ағынының 2021 жылға қарай 2017 жылғы деңгейден 2,5 есе ұлғаюы;

• тартылған несие қаражатының көлемі 2021 жылға қарай 2017 жылға қарағанда 9 есе артады.

Міндеттері:

• Азық-түлік қауіпсіздігі, өткізу нарықтарына шығу және экспорттық әлеуетті дамыту;

• жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігі;

• ауылшаруашылық ғылымын дамыту, технологиялар трансферті, техникалық жабдықтау;

• Сандық технологиялар арқылы сапалы мемлекеттік қызметтер.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 563 кәсіпкерді қаржыландырды. Бұл бағдарлама бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% дейін. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында фермерлер айналымдағы қаражатты толықтыруға, мал басына ие болуға, техникалар мен жабдықтар сатып алуға, кәсіпорындарында құрылыс-қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бұл 1442 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Айболат ӘБЕНОВ бағдарламаның жүзеге асырылуына байланысты:

— «EPV бағдарламасын қолданған ауылшаруашылық тауар өндірушілері 16,6 мыңнан астам мүйізді ірі қара, 30 мыңға жуық ұсақ мүйізді ірі қара, 11,5 мың жылқы, 367 түйе сатып алды. Сондай-ақ, 130 дана ауылшаруашылық техникасын, қайта өңдеуге және өндіруге арналған 73 техникамен

жабдықтауға несиелер берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында берілген несиелердің жалпы сомасы шілде айының басында 21,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, қазіргі кезде инвестицияға 165 өтінім берілген», — деді.

Биыл іске асырылған жобалардың бірі – Батыс Қазақстан облысындағы жылыжай кешені. Оны салу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие берілді. 12 гектар алқапта high-tech технологияларын қолдана отырып, ГМО-сыз, пестицид пен гербицидсіз био-көкөністер өсіріледі. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 8 мың тоннадан астам өнімді құрайды. Жаңа піскен көкөністер Қазақстан нарығына жеткізіліп, көрші елдерге экспортталады.

Агроөнеркәсіп кешені елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым міндеті болып табылады. Оның дамуы елдің тұрақты дамуын теңестіруге, еңбек өнімділігін арттыруға және халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Еркежан АРЫН

Тегтер: ауылшаруашылық қарапайым заттар экономикасы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43