Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң

Еңлік АБАҒАН

04.08.2021, 13:22

1209

Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылы Алматы қаласынан он шақты шақырым жерде орналасқан. Аталған ауылдық округке қарасты «Полет» саяжайы Райымбек ауылының жоғары трассасынан екі аялдама жоғары орналасқан. Алайда осы жерден қалаға қатынау мұң болып тұр. Халық сол жерді жаяу жүруге мәжбүр. Үйден жоғарғы трассаға жету де бір мұң. Бұл туралы Қарасай ауданының тұрғыны Марита Жансерікова баяндайды.

Оның айтуынша, бұл жерде көпбалалы отбасылар, үлкен кісілер көп тұрады. Кішкентай балаларымен 1-2 шақырым жаяу жүру өте ауыр. Үйге келген қонақтар қайта алмай отыратын көрінеді. Ауыр жүктерімен трассаға жете алмайды. Ал такси шақырса бұл жаққа келмейді. Шалғай ауыл болса бір сәрі, қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап дамыған заманында Алматының түбінде осындай ауыл бар дегенге сену қиын-ақ.

– Үлкен, ұзақ жол емес, айналдырған 1-2 шақырым жерді асфальттауға болады ғой. Ал қаладағы жап-жаңа асфальттарды аударып, қайтадан төсеп жатқандарды көргенде, одан да асфальты жоқ жерлерді неге жөндемейді деп ойлайсың. Біз бұл туралы бұрын да жазғанбыз. Бірақ біздің өтінішіміз әлі күнге дейін жауапсыз қалып отыр. Құлақ асатын ешкім жоқ, – дейді наразы тұрғын.

Онымен қоса, Алматының түбінде орналасқан бұл ауылда 1-2 шақырым жол өте нашар, кедір-бұдыр, ал көктем мен күзде батпақты. Асфальт жоқ болған соң, үйден тап-таза болып шыққан тұрғындар барар жеріне жетпей, қою шаңның астында қалатын көрінеді. Одан бөлек, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде Қарасай ауданының әкімдігі Райымбек ауылына қарасты «Здоровье», «Полет» саяжай массивтеріндегі 1-2 шақырым жерді асфальттап берсе және бір автобус бөлсе деген тілектері де бар. Саяжай массиві деп аталғанымен, бұл жерде жаңа құрылыс көптігімен ерекшеленеді.

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39