Қаратауда құрылыс жұмыстары қайнап жатыр

02.09.2018, 21:31

91

Биыл Қаратау қаласының құрылғанына 55 жыл толады. Талас ауданының орталығы саналатын бұл шағын қала қазіргі таңда алып құрылыс алаңына айналған. «Моноқалаларды дамыту – 2012-2020» бағдарламасы негізінде Қаратау қаласының кескін-келбеті өзгеріп, ажарлана түскен. Тек соңғы 4-5 жыл көлемінде ауызсу мен кәріз су жүйелері толығымен жаңғыртылыпты. Жазғы саябақтардың да сән-салтанаты арта түскен.Өткен жылы Қаратаудағы қайта жөндеуге жататын 6 көп қабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген еді. Бүгінгі күнге аталған көпқабатты үйлердің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жалпы ауданы 27 752 шаршы метрді құрайтын 440 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үй (3 мөлтек ауданы № 49,51 және 5 мөлтек ауданы №51,52,55,58 үйлер) кезекте тұрған азаматтарға берілуде. Жалпы алғанда шағын қаладағы пайдалануға берілген тұрғын жай өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3,3 есеге өсіпті. Яғни, пайдалануға берілген тұрғын үйлер былтырғы жылмен салыстырғанда 15 616 шаршы метрге артық орындалған.«Жол азабын жүрген біледі» деген сөз тегін айтылмаған. Өткен жылы Қаратау қаласы көшелерінің шаңы шығып, жүргінші қиналып жататын.Биыл 2018 жылы «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бағдарламасы аясында Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы, Д.Қонаев, Ә.Молдағұлова көшелерін (155 млн. 138 мың теңге) және А.Шейн, Т.Рысқұлов пен орталық алаңды (9 млн. 681 мың теңге) қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 164 млн. 819 мың теңге бөлініпті. Жалпы көшелердің ұзындығы орташа алғанда 10,7 шақырым. Бұл ретте аталған нысандар ауыспалы, қайта жаңғырту жұмыстары  2015-2017 жылдары басталғанын, барлығы бөлінген қаржы 1 млрд. 517 млн. 432 мың теңгені құрағанын айта кеткеніміз жөн.Қаратауда «ЕвроХимның» демеушілігімен «Спорт кешені», аудандық емхана салынды. «Жастар саябағы», «Тәуелсіздікке – 25 жыл» саябақтары бой көтерді. Орталық саябақ жаңа кейіпке еніп, тұрғындардың бір уақ бой сергітіп, демалатын орнына айналды.Қорыта айтқанда, Қаратауда салық түсімі көбейіп, қылмыс азайған. Қаржы игеруде де қаратаулықтар қарап қалмаған. Жоспарды бүгінгі күнге 98,6  пайызға орындап, қалған қаржыны үнемдеп, тиімді жаратудың жолын қарап отыр.Бұл ретте қылмысы азайған шағын қалада ұрлық қылмысының ашылу пайызы өткен жылмен салыстырғанда  51 пайыздан  68,5 пайызға өскені қуантады.Фото: maps.resurs.kz 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51