"Қаражат қайда кетті": Мәжіліс депутаты білім министріне шүйлікті

Сайт әкімшілігі

09.09.2020, 10:18

2214

Дүниежүзілік банктен алынған қаржы игерілмесе де, шілде айында білім және ғылым министрлігі үкіметтен қосымша 74,2 миллиард теңге сұраған. Бұл туралы lПарламент мәжілісінің депутаты Дания Еспаева:

«Жазда білім министрі Аймағамбетов жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жағынан қиындық болмайды деп сендірген. Алайда „Ақжол“ фракциясының депутаттары өңірлерді аралап шыққаннан кейін шілде айында министрге тағы үндеу жолдап, жағдайдың түзелмегенін жеткізген», — деді.

Депутаттың айтуынша, көпбалалы отбасылардың балалары бір смартфонға таласып, сабақ оқып жүр. Ал көптеген елді мекендерде интернет те жоқ.

«Шалғай жатқан елді мекендер былай тұрсын, тамыз айында Қаскелең қаласының ата-аналары интернеттің жоқтығына шағымданған. Олар Алматы қаласынан небәрі 24 шақырым шалғай жерде тұрады. Жаңа оқу жылы басталған бойда әлеуметтік желілерде осы іспетті проблемалар көбейіп кетті. Сонда мемлекеттен бөлінген қаржы қайда кетті?», — деп ашуланды Еспаева.

Депутат Еспаева Дүниежүзілік банктен алынған қарызды да еске алды.  2017 жылы білім және ғылым министрлігінің бастамасымен банктен 67,5 миллион теңге қарызға алынған болатын. Жобаның атауы – «Орта білімді жаңғырту». Ал негізгі мақсаты – қала мен ауыл мектептерінің білім беру деңгейін теңестіру. Осылайша, 5 мың мектепті мультимедиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге шешім қабылданды. Ауыл мектептерінің барлығына компьютерлер мен кеңсе техникасы жеткізіледі деген жоспар болған. Ал, ең бастысы, интернет жылдамдығы баяу мектептерге қосымша сымсыз байланыс құралдарын орнату көзделген.

«Алайда қолда бар мәліметке сәйкес, осы жобаның бірде-бір бағыты бойынша конкурс жарияланған жоқ. Ал компьютерлер мен интернет құралдарын сатып алуға қатысты техникалық тапсырма да әзірленбепті. Соған қарамастан, Қазақстан үш жыл бойы қарызды резервтеу үшін комиссияны төлеп келеді. Ол шамамен 160 мың доллар. Себебі білім және ғылым министрлігі тиісті жұмысты бастаған жоқ», — деді Еспаева.

Депутаттың айтуынша, Дүниежүзілік банктен алынған қаржы игерілмесе де, шілде айында білім және ғылым министрлігі үкіметтен қосымша 74,2 миллиард теңге сұраған. Осы қаржыға мектептерді онлайн сабақтарға қажетті цифрлық технологиялармен қамтамасыз ету жоспарланған.

Тегтер: білім қаражат мемлекет мәселе онлайн оқу жоба ғалам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20