«Қару-жарақ сақталған жерде халық тұрмауы тиіс»

26.06.2019, 00:22

7

"Қауіптіқару-жарақ сақталған жерге халықты қоныстандыруға болмайды. Арыстағы жағдайғаәкімшілік кінәлі". Халық қаһарманы Тоқтар ӘУБӘКІРОВ Түркістан облысындаболған жарылысқа қатысты «ЖасАЛАШ»тілшісіне пікір білдірді.

«Өкінішке қарай жарылыс болды. Бейбіт күнде екі бірдей азаматымызданайырылдық. Арты жақсы болсын! Марқұмдардың отбасына, ет жақындарына қайғырыпкөңіл айтамын. Бірақ оған кінәлі — әкімшілік. Неге десеңіздер оларға баяғыдан"қару-жарақ жатқан жерге таяу үй салуға болмайды. Кісілер тұруғаболмайды" деп айтылған. Ол жерде мектеп, балабақша болмауы тиіс. Олар ендісол арсеналдың қасында үлкен қала салған.

Бұл жерде жергілікті әкімшілік кінәлі. Қауіпті қарудың қарапайымтұрғындардан алшақ болуын қамтамасыз ету керек қой. Бізде көптеген мемлекеттікмекемелер жұмысын дұрыс атқармайды. Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВдұрыс айтты. Иә, үкімет барлық зардап шеккен адамдарға жәрдемдесу керек. 45 мыңадам үйлерін тастап панасыз отыр. Арыстағы қандастарымызға бүкіл ел болыпкөмектесуіміз қажет. Кеше бірнеше видеоларды көріп жүрегім ауырып қалды.

Жарылыс болып жатқанда машинамен талай қазақ кетіп бара жатыр. Сондакөмекке мұқтаж әйел мен балаларды ешкім алып кеткен жоқ. Бар қазақ бір қазақемес пе?! Ертең жау шапса қайтеміз? Әркім өз бала-шағамызды алып қашамыз ба?Қазағым, осы жағын ойлайық!», — деді қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ТоқтарӘубәкіров.

Жарылыс шыққанқару-жарақ сақтайтын база 1960 жылдан бері бар. Совет одағы кезінде де бұлжерде оқ-дәрі қоймасы болған Қазіргі кезде 400 әскери адам қызмет етеді.Қорғаныс министрінің орынбасары Мұрат БЕКТАНОВТЫҢ айтуынша, ол жердеартиллерияның снарядтары сақталған.

Кеше 24 маусымкүні таңертең Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімдердің бірінде өрт шығып,қару-жарақ сақталған қоймада жарылыс болған. Екі адам қаза тауып, елуден асаадам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Фото: 116almet.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13