Қашықтан оқытудың білім беру үдерісіндегі маңызы

Гүлжан КЕРЕЙБАЕВА

05.11.2020, 04:27

396

       Міне, алты айдан бері балаларымыз интернет арқылы оқиды. Бұл қашықтан оқуды мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар қалай бағалайды? Қашықтан оқытудың білім беру үдерісіндегі маңызы зор ма? Осы мәселе туралы ой қозғасам деймін.

       Біз, мұғалімдер, осы алты айдың ішінде интернет платформаларымен жұмыс істеуге үйрендік. Бұл «Bilim-Land kz», оның ішінде  «Online Mektep», республикалық әдістемелік орталығы «Ustastilegi», конкурстар жинағы «KKO», «Nio.kz», сонымен қатар «Kundelik.kz» сайттарындағы мүмкіндіктермен таныса отырып, оларды шығармашылық жұмыстарымызда қолдануға тырыстық. Бұл жерде айтарым, тек қана ұстаздар емес, оқушылар да өз білімдерін осы сайттар арқылы көтере алды деп ойлаймын.

          Қашықтан оқу кезінде ата-анамен  қарым-қатынас өте тығыз болуынан, біріншіден, оқу процесі сапалы өтеді, екіншіден,  ата-ана мен оқушылардың жауапкершіліктерін оятады. Бұл жерде ата-аналар балаларымен бірге сабақ оқып немесе олардың атқарған жұмыстарын бақылап, мұғалімдерге көп көмек бере алды.

        Оқушылар қашықтан оқу кезінің басында онлайн оқуға қызығып, сабақтарға белсенді қатысты, бірақ уақыт өткен сайын қызығушылықтары азая бастады. Неліктен? Өйткені олар мұндайға үйренбеген, тапсырмаларды орындау үшін оларға көп ізденуге тура келді. Дегенмен сонда да өткен оқу жылымен салыстырғанда, биылғы бірінші тоқсанда балаларымыз онлайн сабақтарға үйренген сияқты.

            Қашықтан оқыту кезінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу өте қызықты және жемісті болатынын бәріміз байқадық. Өйткені жұмыстарды онлайн ретінде құрастырып, жіберуге болады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға көбірек көңіл бөліп, шығармашылық қабілеттерін оятып, өзіне деген сенімділік, жауапкершілік, оқуға деген қызығушылықтары  пайда болғанына куә болдық.

            Әрине, қашықтан оқудың да өз кемшіліктері бар. Мысалы, жалпы халықта техникалық жабдықтардың жетіспеуі, ауылдық жерде интернет байланысының жоқтығы оқу үдерісіне кері  әсерін тигізді. Көпбалалы отбасындағы балалардың қиналып, бір смартфонға қарап қалған жағдайлар болғанын байқап жүрдік. Биыл бұл мәселе түбегейлі шешімін тауып, барлық оқушылар смартфон, компьютер, планшет немесе ноутбуктармен қамтамасыз етілді.

          Қорыта келе айтарым, қашықтан оқу – бұл оқу үдерісіндегі үлкен бір қадам. Жаңаны игеру әрдайым қиын, сондықтан баршамыз заман ағымына ілесіп, инновациялық тың технологияларды меңгеріп, онлайн оқытудың барлық мүмкіндігін тиімді пайдалана білейік.

             

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36