Қашықтан жұмыс: пайдасы мен зияны қандай?

30.03.2020, 13:26

8


Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендеркөбейді. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындар да, болашақта қашықтан жұмысістеуге көшу керек дейтіндер де бар.

«АДАМНЫҢ ІШКІТӘРТІБІ МАҢЫЗДЫ»

Нұр-Сұлтанқаласында тұратын дизайнер Виталий Шевченко наурыздың 15-нен бастап қашықтанжұмыс істеу режиміне көшкен. Жұмыс компьютерін үйге әкеліп, ас бөлмесінің бірбұрышын жұмыс кабинетіне айналдырды. Виталий бұған дейін де бес жыл фрилансербоп, үйден жұмыс істеген.

– Күні бойы кеңседеотырғаннан гөрі қашықтан жұмыс істеген қолайлы. Кеңседе қимыл аз, ал үйдеәрі-бері жүріп, жаттығу жасап, арасында бірер сағат мызғып алуға да болады.Басқа шаруаларыңды реттеуге де уақыт бар. Еркінсің,-дейді дизайнер.

Алайда Виталийүнемі әлеуметтік ортада жүргенді қалайтын адамдарға да түсіністікпен қарайды.

– Мұндай адамдарғаүйде жұмыс істеу қиындау. Қашықтан жұмыс істеу еңбек өнімділігіне әсер етеқоймайды. Бәрі адамның ішкі тәртібіне байланысты, —дейді ол.

Нұр-Сұлтанқаласының тұрғыны Русина Мусина логист боп жұмыс істейді. Наурыздың 16-нанбастап ол да қашықтан жұмыс режиміне көшкен. Русина қазіргі жұмыс тәртібіыңғайлы екенін айтады.

–Таңертең асығып,кептелісте тұрып, жұмысқа барудың қажеті жоқ. Бірақ бір қолайсызы – үйдежұмысқа толық кірісе алмайсың. Бұл әсіресе, қазір қатты байқалады. Өйткеніотбасымдағылардың бәрі карантинге байланысты үйде отыр. Біреуі теледидарқосады, екіншісі музыка тыңдайды, үшіншісі телефонмен ойнайды. Осының бәріжұмысқа кедергі, әйтеуір қолымнан келгенше тырысып жатырмын,-дейді логист.

Мусинаныңпікірінше, үйде адам өзін барынша еркін сезінеді.

– Үйде жұмысістеудің артықшылығы көп. Жұмысым логистикамен байланысты болғандықтан, қолымнантелефон түспейді. Кез келген сәтте бәріне хабарласып, өзіме жүктелген міндеттіорындай аламын,-дейді Русина Мусина.

Карантин режимі жұмысына қолайсыздықтуғызып жүргендер де бар. Жарас Мақсатов Нұр-Cұлтандағы мейрамхананың біріндедаяшы боп жұмыс істеген. Карантин басталғалы мейрамхана жабылып, тамақты үйгежеткізу қызметіне көшкен.

— Бастығымыз бұрынғыдан аз жалақығамейрамханадан шықпай жұмыс істеуді ұсынды. Тапсырыс азайған соң табыс таазайғанын, сондықтан жалақымыз төмендейтінін айтты. Мейрамханада тұрғым келмейжұмыстан шығып кеттім. Қазір үйден істейтін жұмыс іздеп жүрмін. Таңдау көпемес, — дейді жас жігіт.

Ольга Трофимова – жеке кәсіпкер. Олкарантинге дейін сауда үйлерінің бірінде бутик жалдап, киім сатқан. Қазір бутикжабық. Саудасы тоқтаған Трофимова шығынға бата бастаған.

– Интернет арқылы киім сата алмаймын.Өйткені клиенттерімнің көбі – интернет арқылы тапсырыс бере алмайтын немесеонлайн саудаға сенбейтін ауыл тұрғындары. Оның үстіне «XXL» өлшеміндегі киімдерсатамын, оларды міндетті түрде киіп көру керек. Елде мен сияқты мыңдаған саудагербар, қазір бәрі шығын шегіп отыр, — дейді жеке кәсіпкер.

Алматыдағы Vlast.kz сайтының басдиректоры Вячеслав Абрамовтың айтуынша, редакция қызметкерлері үйден жұмысістеуге көшкен.

– Мұндай форматтың артықшылығы менкемшілігін дөп басып айта алмаймын. Қашықтан жұмысты аса ұната бермеймін. Бұл,әсіресе, редакцияда әріптестермен үнемі байланыста болып, маңызды тақырыптардыталқылап, шешім қабылдайтын адамдарға қиын, — дейді Вячеслав Абрамов.

Оның пікірінше, төтенше жағдай, карантинмен пандемия кезінде жұмыс берушілердің қызметкерлерді қашықтан жұмыс режимінеауыстырудан басқа амалы жоқ.

– Қазіргі жағдайға тек жұмыс берушіретінде ғана қарамау керек. Бұған еңбек өнімділігін төмендетіп, жалпы жұмысқатеріс әсер ететін шара емес, мәжбүрлі қадам деп қараған дұрыс. Сабыр сақтағанжөн. Бастысы — адам денсаулығы. Қазіргі жағдайды елемей, жұмысты кеңседежалғастыра беру ессіздік болар еді. Қауіпсіздік шараларын сақтау керек,— дейдіАбрамов.

«ӨМІРІН ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗУГЕ МҮМКІНДІК»

Адвокат Мереке Ғабдуалиев Қазақстанныңеңбек кодексінде жұмыс беруші мен қызметкердің қашықтан жұмыс істеу кезіндегіқұқықтары мен міндеттері көрсетілген баптар барын айтады.

Ғабдуалиев қашықтан жұмыс істеутәжірибесі туралы айтқанда, сот жүйесін мысалға келтірді.

– Біраз уақыттан бері басқақалада отырып, сот процестеріне видео конференция арқылы қатысып жүрміз. Осылайжол шығыны қалтамызда қалады, уақыт үнемдейміз. Кездесуді қажет ететінмәселелер болмаса, қашықтан жұмыс ыңғайлы. Бастысы, интернеттің жылдамдығыжақсы болуы керек. Мәселен, көптен бері шағымды электронды сот кабинеті арқылыберіп жүрміз. Клиенттерге мессенджер арқылы кеңес беріп, әріптестерімізбенжеліде сөйлесеміз,- дейді ол.

Адвокат қазір адамдар әртүрлі мекеменіңесігін қағып, саңдалмауы үшін халықтың интернет сауаттылығын арттыру керек депесептейді.

– Коммуналдық және өзгетөлемдерді, азық-түлік пен киім-кешек жеткізу қызметінің ақшасын интернетарқылы төлеуге болады. Жұмыс берушіге қазіргі жағдайдың тиімділігі де бар.Арнайы жұмыс орнын жалдамай, ақшасын үнемдейді. Бірақ қашықтан жұмыс шарттарынкелісіп алған дұрыс. Жұмыс күні қалай есептелетінін, интернет пен қосымшақұрылғылардың ақысын кім төлейтінін келісіп алуы керек. Осының бәрі еңбекшартында көрсетіледі, — дейді Мереке Ғабдуалиев.

Психолог Райса Байдалиеваның пікірінше,халық санасы біртіндеп өзгеріп, қашықтан жұмыс істеп, онлайн білім алуғаүйренеді.

– Біреудің басқаруына үйреніп қалғанадамдарға қашықтан жұмыс істеу қиын. Кеңседе дұрыс жұмыс істемегендер үйде дежарытпайды. Адамның өз өмірін ой елегінен өткізуіне мүмкіндік туды. Бізгеосындай мүмкіндік жетпейтін, — дейді психолог.

Райса Байдалиева қазақстандық дәстүрліқоғам қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, жаңа өзгерістерге бейімделуі керек депесептейді.

– Ұжымдық сана «жақсы» деп кесіп айтуқиын. Қазір индивидуалистердің уақыты. Бұл — қалыпты жағдай. Ұжымдық сана емес,жекелеген адамдардың санасы дамуға итермелейді. Осыны сезініп, бейімделу керек.Осыған дейінгі өмір салтымыз моральдық тұрғыдан ескірді, — дейді психолог.

Қазақстанның еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметіндеөткен онлайн-брифинг кезінде төтенше жағдайға байланысты кей жұмыс берушіқызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыра алатынын айтты.

– Жекелегенкәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы шектеледі, кейбірінің жұмысы мүлде тоқтайды.Мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардың бәрі мүмкіндігінше қашықтықтанжұмыс істеуге көшуі керек, — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі.

Біржан Нұрымбетов жұмыс берушіні«қызметкер алдында әлеуметтік жауапкершілік танытып, еңбек заңын сақтауға,еңбек құқығы бұзылғандарды шағым түсіруге шақырды.

Президент Қасым-Жомарт ТоқаевДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия депжариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдайенгізген.

Төтенше жағдай жарияланған соңҚазақстандағы білім орындары қашықтан оқу әдісіне көшкен, бірақ қашықтан оқуғабәрі дайын ба деген сұрақ туған еді. Сәуірдің 5-іне оқушылар каникулыаяқталған соң орта мектептер де қашықтан оқуы мүмкін.

Наурыздың 19-ынан бастап Нұр-Сұлтан менАлматы қалаларына, коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанның тағы дабасқа бірнеше қаласына карантин енгізілген.Карантинге байланысты қала тұрғындарының жүріс-тұрысы мейлінше шектеліп,көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы тоқтатылған.

Азаттық радиосы 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04