Қаскелеңде 61 жастағы ер адам моланың арасына лашық салып алған

Сайт әкімшілігі

22.11.2022, 13:29

466

Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық окурігіне қарасты моланың ішіне 61 жастағы ер адам лашық салып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kaskelenkz парақшасына сілтеме жасай отырып. 

«Жамбыл ауылына бара жатқан жолда «Бүркіт» аталып кеткен бейіт бар. Оқырманым хабарласып, осы мазарда бір ата өмір сүріп жатқанын айтты. Мен сенбей, өз көзіммен көруге келдім. Қазір көзім жетіп тұр. Толған бейтіттердің ортасында үй тұрғызып алып, өмір сүріп жатыр», — дейді оқиғаны баяндаған видео авторы. 

Оның айтуынша, күні кеше ауылға қар жауған. Қария өзі туралы көп айта бермей, сөзге тартылмаған. Дегенмен, құжаты бар екенін айтады. «Бала-шағам жоқ»,- дейді. Оның бұл бейітті паналағанына алты ай болыпты. 

«Жамбыл ауылдық округінің әкімдігі, Сіздердің аумаққа қарасты осы бейіттің ішінде адам тұрып жатқанын білесіздер ме?  Білген болсаңыздар, неге бұған жол бердіңіздер? Қандай көмек көрсетуге болады?»,-дейді жергілікті әкімдікке сұрақ қойған видео авторы. 

Жамбыл ауылдық округінің әкімдігі автордың бұл сұрақтарына видео жарияланған парақшада пікір жазып, жауап берген. Солар молада тұрып жүрген қаряның аты-жөнін, кім екенін, қайда тұрғанын анықтаған. 

«2022 жылдың 18 қараша күні Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері аталған азаматпен сөйлесу барысында төмендегідей ақпаратты анықтады: азамат Олжабай Убайдуллаев 30.08.1961 жылы Өзбекстан Республикасында туған. Алматы облысы, Іле ауданы, Күрті ауылдық округі, Ақши ауылында тіркеуде тұр. Үйленбеген, балалары жоқ. Жамбыл ауданында туыстары және Ақтау қаласында туған әпкесі тұрады. Бейіт маңына ақша табу үшін келген. Сонымен қатар, осы азамат Қаскелең қаласы Қарағайлы көшесінде орналасқан пәтерде тегін тұратындығы анықталды», — деп жазған әкімдік өкілдері. 

Қазір әкімдік Олжабай Убайдуллаевты осы Қаскелең қаласындағы тегін тұратын пәтеріне жеткізген.

Тегтер: басылым пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43