Қасым-Жомарт Тоқаев: "Әкемді туыстары қонақжайлықпен қарсы алмаған"

06.06.2019, 17:13

203

Кемел ТОҚАЕВТЫ соғыстан кейін туысқандары қонақжайлықпен қарсы алмапты. Өйткені, Кемел Тоқаев майданнан II топтағы мүгедек болып оралған. Бұл туралы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ "Әке туралы толғаныс" кітабында былай деп жазады.
«Арқа сүйер ешкімі болған жоқ, ауылдағы тірі қалған туыстарының жайлары мәз емес. Вокзалға барып жұмыс іздеген. Жұмыс табу өте қиынға соққан, майданнан жараланып, мүгедек болып қайтқан кісіні қайтсін, кез-келген жұмысқа денсаулығы мықты, сау адамдар қажет.Араға біраз уақыт салып, ол Алматы маңында тұратын туысқандарын тауып алады. Олар әкемді қолдарына алғанмен, аса бір қонақжайлық көрсете қоймады. Мұндай жағдайда көп тұра алмасын біліп,қалаға барып оқығысы келеді. Бірақ туысқандары үнемі „соғыс мүгедектері ешкімге қажет емес, оларды оқуға қабылдамайды, жұмысқа да алмайды“ деп оны осында қалып, үй шаруашылығымен айналысуға көндірмек болады. Бірақ әкем аяғымды емдетемін, қалаға барып оқуға түсемін деген шешімге келеді. 1945 жылы өз дегеніне жетіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оқуға әскери киіммен, балдаққа сүйеніп барып жүреді».
Фотолар: Wikipedia.org сайтынан 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:50
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сайт әкімшілігі 10:43
Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 09:07
Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55