Қатерлі дерттің дәрісі неге жетпейді?

13.09.2018, 20:19

218

Кеше Алматыда онкологиялық сырқатқа шалдыққандарға берілетін дәрі-дәрмектің жетпей жатқаны туралы ақпарат тараған. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен онкологиялық орталық осыған орай арнайы брифинг өткізіп, түсініктеме берді.Қатерлі дертпен шалдыққан барлық науқас дәрісіз қалған жоқ. Оның ішінде тек сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдерге арналған препарат таусылып қалған. Мұның негізгі себебі – биыл бұрынғымен салыстырғанда осы ауруға шалдыққандар санының күрт өсуі.- Сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдерге берілетін «Герцептин» препараты ғана тапшы болып қалды. Бұған Алматыда осы ауруға шалдыққан әйелдер санының көбейюі себеп. Қосымша дәріге тапсырыс беріп қойдық, ал әзірге жетпегенін басқа өңірлерден ала тұрамыз. Дәрі таяу уақытта Алматыға жеткізіледі, — дейді Алматыдағы онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетов.Ал, «СК-Фармация» компаниясының атынан келген Наталья Зеленская қазір Қазақстанға «Герцептиннің» жеткізілгенін, енді оны аймақтарға 20 қыркүйекке дейін таратып болатындарын айтты.Бұл өте қымбат дәрі. Қазіргі сұранысы да орасан. Алматылықтар құны 300 мың тұратын дәрінің 290 құтысын қажет етіп отыр.Ұсынылған ресми дерек бойынша, Алматыда биыл сегіз айдағы есеп бойынша сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 5426 әйел тіркеуде тұр. Биыл жаңадан 406 әйел тіркелген және ол былтырғы жылдың алғашқы сегіз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға көп. Дәрігерлер мұның себебі Қазақстанның басқа өңірлерінен осы сырқаттан емделуге келетін науқастардың барлығы Алматының есебіне тіркелетінінде дейді.Жиын барысында ұйымдастырушылар әйелдер арасында өршіп отырған бұл ауру түрі бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. 15 қыркүйектен бастап қазан айының соңына дейін әр сенбі күні кез-келген әйел аталған орталықтан тегін тексерістен өте алады.Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков қаладағы науқастар санына байланысты аталған дәріге алдын ала тапсырыс беріп отыратындарын, бұл жолғы жетіспеушілік қатерлі дерттің күрт өсіп кетуінен туындағанын айтады.Фото: MedElement
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08