«Қауіпсіз елдің» қағидасы

Айнұр ӘЛИ

26.09.2022, 11:12

1133

Ұлттық мүдде – мазмұны мен ауқымы кең ұғым. Содан болар «ағылшындардың мәңгілік мүддесі бар»деген тәмсіл үлкен елдерде жиі айтылады. Бұл асылында, бізге де қатысты мәселе. Ұлттық мүдде міндетті түрде қорғалуы қажет. Ол үшін елде бірнеше дүние іске асып та жатыр.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты 10 тармақтан тұратын ұлттық жобалар тізімін бекітті. Соның ішіндегі «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы мәні мен маңыздылығы тұрғысынан ойып тұрып орын алады. Әсіресе, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатардағы өзекті мәселе екенін естен шығармаған жөн. Оның үстіне, Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, өз халқының ұлттық мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуы тиіс. Әлгінде айтқан «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы бағытының бірі – «Қарулы Күштерді жаңғырту».

Нәтижесінде, асимметриялы және гибридті сын-қатерлерге тойтарыс беруге дайын болу, әскери процесті басқаруда жаңа технологияны енгізу және автоматтандыру – осының барлығы бүгінде маңызды болып отыр. Мұның сыртында Президент өткен жылы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын бекітті. Оны іске асыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға, әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы сын-қатерге пара-пар ден қоюға және бейбіт уақыттың міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді. Мұның барлығы келешегімізді жаңа қырынан айқындап, еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға нық қадам басуға толық кепіл бола алады.

Ал адам баласының соғыссыз өткен күні аз. Әлі күнге дейін айналамызда болып жатқан оқиғалар елге сабақ болып, тек оңтайлы шешім қабылдауға, ұлттық мүддемізді сақтап, кем-кетікті түзетуге жұмыс жасалуда. Ұлт мүддесін сөз ету – Абайдан басталған шегі жоқ тақырып. Ал қауіпсіз ел тұжырымдамасы – ұлт болып ұйысудың, мемлекет болып қалыптасудың негізі.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43