Қазалы ауданының әкімі онлайн есеп берді

Сайт әкімшілігі

04.02.2021, 11:10

742

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев халық алдында есеп берді. Ол өз сөзінде:

— Жақында ғана Сіздермен бірге үлкен саяси науқанды ауызбіршілікпен өткіздік. Сол үшін де сайлауға біркісідей атсалысып, ел тағдырына бей-жай қарамаған қазалылықтарға алғысымды айтамын.

Бүгін санитарлық талаптарға байланысты өздеріңізбен «ONLINE» кездесіп отырмыз. Оған түсіністікпен қарайсыздар деп ойлаймын,-деді.

Айдан әкімі Мұрат Ергешбаевтың есеп бері кезінде сөйлеген сөзі:

— Жалпы алғанда 2020 жылдың өзіндік қиыншылықтарына қарамастан, біздің аудан үшін жемісті болды десек қателеспейміз.

Әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерде алға қойылған межелерді орындап қана қоймай, көптеген салада күтілген нәтижелерден артық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бұл жетістіктерге Сіздердің қосқан үлестеріңіз зор

Бірлесе атқарған жұмыстар жергілікті газет беттерінде толық жарияланды. Онымен Өздеріңіз оқып, танысқан боларсыздар.

Сондықтан, бүгін жасалған жұмыстарды қысқаша баяндап, алдағы негізгі жоспарларымызбен бөліссем.

Аудан экономикасы жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2020 жылдың басында ауданбюджеті – 21,4 млрд. теңге болып бекітілсе, жыл соңында – 26,4 млрд. теңгеден асты.

Ал, 2021 жылдың бюджетін – 21,2 млрд. теңгеге бекітіп отырмыз.

Ауданда бір ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 3 млрд 11 млн теңгені құрайтын 42 жоба іске асырылды.

Нәтижесінде 150 орындық ауылдық клуб салынып, 1 ауылға газ тартылды. Одан бөлек, көптеген көшелер асфальттанып, жарықтан-дырылды, әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті.

2020 жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Бекарыстан би ауылында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Ауылдағы тұрғын үйлердің ауыз суы сервистік желіге қосылып, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 10 көше асфальтталып, жарықтандырылды. Ол үшін қазынадан 1 млрд-қа жуық қаржы бөлінді.

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен бөлек Қазалы қаласы мен елді мекендерді де газдандыру мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.

Соның нәтижесінде Ғани Мұратбаев ауылына табиғи газ жеткізіліп, Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары басталып кетті.

Енді аудан орталығына жақын елді мекендерді де газдандыруды жалғастырамыз.

Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру үшін 22,6 млн теңге бөліп, жобасын әзірлеп жатырмыз. Амандық болса, тиісті қаржылары бөлінсе, мамыр-маусым айларында құрылыс жұмыстарын бастап кетеміз.

Соңғы жылдары Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы едәуір дұрысталып келеді.

Мәселен 2020 жылы бөлінген 2,8 млрд теңгеге аудандық маңызы бар 60 шақырым және де елді мекенішілік 70 көше жөнделді /Әйтеке би кенті – 30, Қазалы қаласы – 4, Бекарыстан би ауылы – 10, Ғ.Мұратбаев ауылы – 8, Жанқожа батыр ауылы – 2, Басықара – 3, Жалаңтөс – 3, Майдакөл – 3, Абай – 2, Ақсуат – 1, Жанкент – 1, Бозкөл – 1, Кәукей – 2/.

Өткен жылдың желтоқсан айында қала мен кенттің екі аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары басталды.

2021 жылы да жолдарды жөндеуге көп көңіл бөліп отырмыз. Ең бастысы осыдан 3 жыл бұрын басталған Кәукей ауылына баратын автомобиль жолын аяқтаймыз.

Амандық болса шалғайдағы ауыл тұрғындары асфальт жолмен жүретін күн де алыс емес.

Сонымен қатар, «Қарлаң» көпірінен Қожабақыға дейінгі, Қазалы қаласы мен «Әлсейіт» көпіріне дейінгі жолдарды да жөндеп бітіреміз.

Ал, Басықара мен Абай елді мекенінің аралығындағы 20 км жолды жөндеу жұмыстарын жалғастыруға облыстық бюджеттен 306 млн теңге қаржы қаралды.

2021 жылы Әйтеке би кентінен 5 көше, Қазалы қаласынан 10 көшені асфальттайтын боламыз. Одан бөлек, ауылдық жерлердегі көшелер де жөндеуден өтеді. /Жанкент – 4, Абай – 1, Пірімов – 1, Бірлік – 1, Ақтан батыр – 1/.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кентінен 20 көшені асфальттауды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті облыстық басқармаларға ұсыныс берілді.

Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында аудандағы жолдардың сапасы жылдан жылға жақсарып келеді. 2017 жылы аудан меншігіндегі автомобиль жолдарының 66,4 пайызы ғана жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 2020 жылы бұл көрсеткішті 75,6 пайызға жеткіздік.

Кәукей ауылының тұрғындары үшін тағы да бір қуанышты жаңалығымыз бар. Биылғы жылы аудан орталығынан шалғай жатқан Кәукей мен Бозкөл ауылының аралығындағы электр бағаналары жаңартылады. /Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда екі елді мекен аралығындағы электр бағаналары судың ортасында қалып, құлап қалу қаупі төніп тұр/. Бұл үшін облыстық бюджеттен82 млн теңге қаржы бөлінді /540 опора, 75 км электр желісі/.

Өздеріңіз білесіздер, жаз мезгілінде ауданда ауыз су тапшылығы орын алады. Әсіресе мұны Әйтеке би кентінің тұрғындары жақсы біледі. Осы мәселені шешу үшін Байқожа су құбырын қайта жаңғырту жобасын дайындап, қаржыландыруға ұсындық /Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге/.

Егер қаржы мәселесі шешімін тапса Әйтеке би кенті мен Байқожа елді мекені аралығында 63 шақырым магистральдық желі тартылатын болады.

Бүгінде жобаны қаржыландыру мақсатында облыстық қаржы басқармасы арқылы су ресурстары комитетінің теңгеріміне өткізуге ұсыныс берілді.

Соңғы жылдары Қазалыда құрылыс қарқынды жүруде. Өткен жылдың өзінде2,9 млрд. теңгеге15 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде10 нысан пайдалануға берілді /Аудандық әкімшілік ғимараты, Ақсуат ауылындағы балабақша мен клуб, Қазалы қаласынан көлемі 81 гектар жер учаскесіне жолдар салу, 18 пәтерлік көп қабатты тұрғын үй құрылысы, «Аймақаш» тұрғын ауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, Ғ.Мұратбаевқа газ тарту, Бекарыстан би ауылындағы тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желілерін жүргізу, Әйтеке би кентінде көліктік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету, Әйтеке би кентінен 1 қабатты 4 пәтерлік 10 тұрғын үй құрылысы.

Қазіргі таңда бұған дейін құрылысы басталған600 орындық мәдениет үйі, ауысымына 250 келушіге арналған емхана, Қазалы қаласын газдандыру және Жанқожа батыр мен Майдакөл елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желілерін жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы да биылғы жылдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда.

Ауданға қарасты барлық ауылдардың проблемалық мәселелерін біртіндеп шешіп келеміз. 2020 жылдың өзінде Ақсуат ауылындағы апаттық жағдайдағы балабақша мен клуб салынып, жаңа заманауи ғимаратқа көшірілді.

Тұрғындардың тарапынан жиі айтылатын «Қарлаң» көпірінің де мәселесі шешілетін күн алыс емес. 2021 жылдың бюджетінен көпір құрылысының жобасын әзірлеп, сараптамадан өткізуге 80,3 млн. теңге бөлінді. Құжат дайын болған уақытта тиісті ведомостволарға ұсынып, қаржыландыруды қарастыратын боламыз.

Мәдениет қызметкерлері де пандемия кезінде бос отырған жоқ. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, түрлі іс-шараларды ұйымдастырды. Олардың қатарында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы,Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған мәдени-танымдық шаралар бар.

Пандемия кезінде біздің өмірімізде дәрігерлердің маңызды рөл атқаратынын жақсы түсіндік. Қиын сәтте олар қиналғандарға қол ұшын созып, қолдарынан келгенін аямады.

Пандемия кезінде ауданда оттегі тапшылығы орын алғаны белгілі. Осыған орай желтоқсан айында Қазалы ауданаралық аруханасынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның демеушілігімен оттегі станциясы ашылды.

Заманауи қондырғылармен жабдықталған станция Қазалы ауданымен қатар, көршілес Арал, Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Одан бөлек, медицина қызметкерлері жұқпалы індеттің алдын алуға қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Білімді ұрпақ – еліміздің ертеңі. Сондықтан, ауданда білім саласын дамыту мәселесі бір сәтте назардан тыс қалған емес.

Оқушылар жаңа оқу жылын санитарлық талапқа сай онлайн оқығанын өздеріңіз білесіздер. Онлайн деп айтуға оңай болғанымен, оның ар жағында көптеген жұмыстар тұр. Сол мәселенің барлығын оңтайлы шеше білдік.

Алдымен оқушылардың үйден оқуына қажетті құрал-жабықтармен қамтамасыз етуді қолға алдық.

Бюджеттен бөлінген қаржыға барлық балаға қажетті заттарды сатып алу мүмкін емес. Сондықтан «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық.

Сондай-ақ, бірнеше мектеп пен балабақша ғимараттары күрделі және орташа жөндеуден өткізілді. «Шағала» лагерінің асханасы мен жатақханасы жөнделді. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын табатын болады.

Ең бастысы тұрғындар тарапынан көтеріліп келген ұсыныс қолдау тауып, бұрынғы №170 мектептің орнына 250 орындық мектеп салынатын болды.

Өткен жылы Сырдария өзеніндегі су деңгейі өте төмен болып, су тапшылығы орын алды.

Бұған қарамастан 17 675 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Дақылдарды орналастыру барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән беріліп, нәтижесінде2019 жылмен салыстырғанда аталған дақылдар көлемі 167 гектарға артты.

Дала еңбеккерлері өткен жылы егілген 6337 гектар күріштің әр гектарынан 41 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 25 мың тоннадан астам астық құйды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Өткен жылы Қазалы ауданы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша «Үздік аудан» атанды.

Біздің ауданнан 3,5 мың тоннадан астам ақталған күріш және күріш ұнтағы ТМД елдері мен Польшаға /Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан, Қырғызстан, Әзербайжан/ экспортталды.

Бұдан бөлек 1 мың тоннадан астам балық өнімдері Ресей, Дания, Германия, Грузия, Қытайға жөнелтілді.

Ал, «Орда Қызылорда» ЖШС Қазалы ауданынан 129 тонна қамысты Германияға экспорттады.

Мал шаруашылығына келсек, төрт түліктің барлық түрінде өсім бар. Мал басының көбеюіне тұрғындардың жеке қаражаттарынан бөлек, мемлекеттік бағдарламалардың көп көмегі тиюде.

Елімізде енгізілген карантиндік шектеулерге қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарында 15,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді /теміржол саласының тепловоз және вагон жөндеу қызметі, шұжық, сүт және сүт өнімдері, нан, күріш, балық өңдеу, асфальт өндіру, тауарлы бетон, химиялық өнеркәсіп, тігін цехтарының өнімдері, электрмен жабдықтау, газ өндіру, ауыз су, кәріз жүйесі/.

Бұл 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артық /2019 жылы – 13,7 млрд теңге/.

2020 жылы жаңадан 1289 кәсіпкер тіркелді. Бұл 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда26 пайызға немесе 273 кәсіпкерге артық.

Жыл ішінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 1250 адам 3,0 млрд. теңге қайтарымсыз грант пен несие алды.

Сонымен қатар, өткен жылы 27 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді /сауда үйлері, мейрамхана, көлік жуу кешені, көкөніс сақтау қоймасы, жанар жағар май бекеттері, жылыжай/. Биыл жаңадан 25 кәсіпкерлік нысан ашылады деген межеміз бар.

Өткен жылы аудандар арасында алғашқы рет бізде сыйымдылығы 500 тонна болатын көкөніс пен жеміс-жидек сақтау қоймасы ашылды. Бұл өз кезегінде ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға септігін тигізеді.

2020 жылы Қазалы ауданында 1516 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1582 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Одан бөлек, жұмыссыздық мәселесінің алдын алу мақсатында «Жол картасы» бағдарламасы арқылы бірқатар жобалар дайындалып, қолдау тапты.

Соның нәтижесінде 933 тұрғынды уақытша жұмыспен қамтамасыз еттік.

Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы арқылы928 тұрғын 555 мың теңгеден қайтарымсыз грант алды. Бұл өз кезегінде жұмыссыз азаматтардың кәсіппен айналысып, өз-өзін жұмыспен қамтуға септігін тигізді.

Еліміздің ертеңі – жастардың қолында. Қазіргі таңда аудан халқының 23 пайызын /17791/ жастар құрайды.

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.

Пандемия кезінде ерікті жастардың ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлерінен 2 млн-нан астам теңге қаржы жиналып, оған 203 отбасыға азық-түлік үйлестіріп берді.

Жастар ресурстық орталығы жанынан «Рақмет» дүкені іске қосылып, 100-ге жуық отбасы өздеріне қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, Қазалы қаласы мен Құмжиек, Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінің ерікті жастары3 отбасыға үй салып берсе, «Қарекет» қоры тұрғын үйге мұқтаж 5 отбасыға баспана сыйлады.

Пандемия кезінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жауапкершілікпен жұмыс атқарды.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақытта полиция қызметкерлері күндіз-түні блок постта қырағы күзетте тұрып, жұқпалы індеттің таралуына тосқауыл болды.

Аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топпен бірге той-жиын өткізген тұрғындарды анықтап, карантин талаптарын бұзғандарға заң талаптарына сәйкес айыппұлдар салды. Бұл өз кезегінде қоғамда тәртіп орнатуға көп септігін тигізді.

Құрметті ағайын!

Өздеріңіз таныс болғандай, өткен жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда аймақ басшысының қолдауымен бірқатар жұмыстар жасалды. Атқарылған істердің барлығы халықтың өтініш-тілектері мен көтерген мәселелерін шешу бағытында жүргізілді.

Бұл әрине біздің ауданда проблемалық мәселелер жоқ дегенді білдірмейді. Уақыт өткен сайын адамның қажеттіліктері де өзгеріп келе жатыр. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу үшін жұмыс жасайтын боламыз. Мұның барлығын аз ғана уақыттың ішінде айтып шығу мүмкін емес.

Құрметті жерлестер!

Соңғы күндері елімізде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, кейбір өңірлерде науқастардың саны көбеюде.

Осыған орай біз жұқпалы індеттен сақтану үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз қажет. Сондықтан баршаңызды санитарлық талаптарды қатаң сақтап, адам көп жиналатын жерлерге бармауға шақырамын.

Бүгінгі өздеріңізбен кездесу «Online» режимінде өтіп жатқан соң уақытымыз шектеулі. Сондықтан сұрақтарыңыз болса, қысқа да нұсқа айтсаңыздар.

Егер де менің атыма жазбаша жазып береміз десеңіздер, сол жердегі аппараттың жауапты қызметкерлеріне ұсыныссаңыздар болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?
Батыр ЖАСҰЛАН 22.09.2021, 12:00
Заң астарындағы «жасырынған жоба»
Сайт әкімшілігі 22.09.2021, 11:41
Михаил Ломтадзе мен Kaspi.kz Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды
Сайт әкімшілігі 21.09.2021, 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39