Қазақ балалары – Венада

Бифат ЕЛТАЕВА

23.09.2022, 14:38

560

Мемлекет басшысының қолдауымен биылғы жыл «Балаларды қолдау жылы» болып белгіленген еді. Балалар жылындағы қуанышты жаңалықтардың біріне келсек, жуырда қазақ балалары алғаш рет Венада өткен сурет көрмесіне қатысты.

Біз айтып отырған көрме One world. New generation мәдени шаралар аясында өткізілуде. Ал байқауға республикалық «Жануарлар – менің достарым» және «Менің жасыл планетам» тақырыбында өткізілген балалар арасындағы сурет көрмесінен оза шыққан жеңімпаздары қатысқан болатын.  Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы бастамасымен «Балаларды қолдау жылы» деп белгіленіп, әрі балалар жылының аясында жасаған ерекше қамқорлығының арқасында өтіп жатқан шара. Бағдарламаны өткізуге Мемлекет басшысынан бөлек, Ғылым министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы бар. Сондай-ақ шараға еліміздегі балаларға арналған «Балалар бейбітшілікті қолдайды», «Мейірімділік» қорлары да атсалысты.

Ал байқауды өткізудегі негізгі мақсат – адамзаттың жан-жануарларға, тірі тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауына, қатыгездікпен қарауына жол бермеу. Осыған орай, кішкентай бүлдіршіндер кіп-кішкентай болса да өздерінен ересек адамдарға сурет арқылы, эссе, бейнеүндеу арқылы қатыгездікке бармауға, қоршаған ортаға, жан-жануарларға мейірімділікпен қарауға шақырды.

Кішкентай бүлдіршіндердің еңбегін Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы бөлім жетекшісі Гада Вали мен австралиялық парламент депутаттары және бірқатар мемлекет елшілері, Вена мэриясы, жергілікті мемлекеттік білім органдары, сондай-ақ еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдары бағалаған болатын.

Өткізілген байқауға қатысты Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин былай деп пікірін білдірді:

— Алдағы уақытта, яғни байқаудан соң бүлдіршіндердің жанайқайы еленетініне сеніміміз зор. Және олардың ересек адамдарға, парламент пен Қазақстан үкіметіне жасаған ұсынысы барлық жер шары мен Отанымыздағы,  бүкіл дүниежүзіндегі табиғатты, сондай-ақ жануарлар әлемін сақтап қаларына септігі тиер деп сенеміз. Оның үстіне, бұл шараға балалар ғана атсалысып қана қоймай, ересектер де түп санасын өзгертіп, қоршаған ортаға пайдасын тигізсе дейміз. Өйткені дүниежүзінің қауіпсіздігі ересектерге байланысты, –дейді.

Бұдан бөлек, елімізде жылда балалардың қоршаған ортаға қамқорлығына қатысты World clean-up Day акциялары өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Науқанның негізгі мақсаты – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға үйрету. Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде өткізіледі. Оған экологиялық жағдайларға немқұрайлы қарамайтын жасұландықтар мен тәлімгерлер шығып, демалушыларға үндеу парақшаларын таратып отырады.

Міне, жоғарыда аталған осындай бастамалар әлі де болашақ ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтап, жан-жануарлар мен қоршаған ортаға бейжай қарамауына тәрбиелейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 30.09.2022, 08:50
Билік халыққа жау ма?!
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.09.2022, 08:48
Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 29.09.2022, 16:05
Бөкейхан ауданында Әлиханды еске алу неге ұмыт қалды?
Сайт әкімшілігі 29.09.2022, 15:15
ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ
Сайт әкімшілігі 29.09.2022, 10:51
БҚО Үйлестру кеңесінде шекарадағы ахуал талқыланды
Сайт әкімшілігі 28.09.2022, 16:20
«ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37