Қазақ демократ та, либерал да бола алады

21.08.2019, 07:16

69

Ж. Бабалықұлының сұрағына берер жауабымның ұзын ырғасыосылай. Бұқаралық апатияның себептеріне қатысты бұл топшылаулар әлі толықтырудықажет етеді. Бұған қоса, төмендегі екі нәрсеге оқырманның көңілін бөле кеткендіжөн санадым. Біріншіден, аталғандардан өзге ғылымдардың керегі жоқ деген ұғымтумаса керек. Бұл жерде мен қазақтың рухани аспаны астындағы сөз болып жүрген кейбірқұбылыстарға қатысы бар ғылыми шараларды сөз еттім. Екіншіден, ой ағысы ыңғайыменбұл жерде әлеуметтік психология алдымен аталып отыр. Негізінде, барлық қоғамдықғылымдардың философиядан бастау алатыны баршаға аян.

Өкінішке орай, қазақтар арасында ғылыми-шығармашылық қызметтіңаталған түрлерімен айналысып жүргендер көп деп айта алмаймын. Сандық өлшемменалғанда әлеуметтік философия мамандығын иеленгендер баршылық. Бірақ, олардыңарасынан қазақ халқының қазіргі өмірлік қызметінен алып, ұлттың бір мәселесіншешуге бағытталған зерттеу жүргізіп, татымды ұсыныс айтып жүргендер шамалы. ­Өзбасым әлеуметтік психология, психологиялық лингвистика, менталдық тарихмамандарының дауыстарын естіп жүрген жоқпын.

Жалпы қазіргі қазақты ортағасырлық түнекке қарай итере салуға да немесе дамыған қоғамдар бастан кешіріпотырған постиндустриализмнің миуалы жонына қарай бағыттап жіберуге де болады. Оның себебі қазақтыңаграрлы қоғам мен индустриялы қоғамның арасындағы диффузиялық белдеуде тұрғаныменайқындалады. Диффузиялық белдеуде тұрған индивид бейімделгіш болады. Өйткені,ол мезеттік тиімді жаққа ауыса салуға ыңғайлыжердетұр. Қазақ демократ та, либерал да бола алады. Қазақ ашық қоғамды қолдапшыға да алады. Қазақ таяуда ғана, қайта құру кезінен нөлінші жылдардың ортасынадейінгі кезеңде демократиялық даму жолын толық қуаттап, бұл бағытта құлшына әрекеткекірісуге дайын болатын. Ал билік авторитаризмге қарай бұра тратып еді, қазақ айтарлықтайқарсылықсыз оның соңынан еріп кете барды.

Үдерістің себебі айқын болғанда, оның даму бағытын өзгертумүмкіндігін де көз алдыға келтіру оңайлай түседі. Бір ескеретін жай – әлеуметтік-руханисалаларда кері қайту нүктесіне таяп келіп тұрған, кейде одан асып кеткен тұстарда бар. Бұл – жалпы жағдайдың апаттық сызықтың екі жағына шоғырланып тұрғанын көрсетеді.Мәселе қазақтың өз тағдырын өзі қолына ұстауға ұмтылуында немесе ұмтылмауында. Онықазақтың өзі ғана шеше алады. Ұлт зиялыларының міндеті бұқараға ғылыми жолын көрсетіп,дұрыс бағыттап жіберуде ғана.

Осы жазбаларымда мен қазақ қоғамы келіп тіреліп тұрғанрухани дағдарыстарға сипаттама беруге, олардың орын алу себептерін ашуғатырыстым. Ендігі сұрақ чернышевскийше, неістеу керекдегенге тіреліп тұр. Бұл сұраққа беретін жауабымның нұсқасынкелесі жолға қалдырып отырмын. Мен қазақтың басын қатырған барлық сұрақтыңжауабы табылатынына, біз жұмыла кірісіп жарқын келешекті өз қолымызбенжасайтынымызға, және бұл мақсатқа таяудағы онжылдықта жете алатынымызға сенімдімін.

Қанағат Жүкешев,

«Билікметаморфозасы».

СОҢЫ



Фото: b17.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16