Қазақ енді жерленбейді, өртеледі

16.06.2020, 12:07

17

Бір ақиқат дүние, қазақтың саны аз, жері үлкен. Кейбір деректерге қарасақ, қазақ жеріқазіргідей 18 жарым миллион халықты емес, бірнеше жүз миллион халықты асырауғабайлығы да, кеңдігі де жетеді-мыс. Көңілді серпілтердүние-ақ. Алайда сол дала, қазақ үшін, жалпы осы елді мекендейтін өзге ел- жұрт үшін де тарыла бастағандай. Әсіресе ірі шаһарлардың маңында жертапшылығы қатты сезіле бастаған. Өзгесін былай қойғанда, адамдарды жерлеу үшінжылына бәленбай гектар жер керек екен. Ал, оны шешудің ең бір оңтайлы жолы – крематорий салу. Қысқасы дүниеденөткендерді арулап жерлемей-ақ, өртеп жіберу. Осылайша жерді үнемдеу. Соныңдәлелі ретінде биыл Алматыда адам өртейтін крематорий салынады. Әзірге оныңжобалық құжатын әзірлеуге 46,8 миллион теңге бөлініп қойыпты. Құрылыс жылсоңына дейін бітуі тиіс. Ал, келер жылдан бастап, адамды өртеп, күлге айналдыружұмысы басталмақ. Сәл таратып айтар болсақ, бұл мәселе Қазақстанда 1987 жылданбері айтылып келеді. 2004 жылы Алматы әкімдігі крематорий салу мәселесін шешіпқойған екен. Бірақ оны жүзеге асыруға дәті жетпеді ме, бір нәрсе кедергі болдыма, білмедік. Сол мәселе биыл шешімін таппақ. Крематорий қазаққа жат.Крематорий дегенде көз алдымызға фашистердің концлагері һәм ондағы түтінібудақтап адамдар өртеліп жатқан пеш елестейді. Үрейлі-ақ. Енді Алматыда солжағдай қайталанбақ па? Айтылар уәж мынау: Алматы халқы жылдан жылға көбейіп,өсіп келеді. Өмірден өтетіндер де(жылына 7-8 мың адам) көп. Ал оларды жерлеу үшін қаншама гектар жер керек.Қазір жер қат. Осы тапшылықты шешу үшін амалсыз крематорийге жүгіну қажет. Сондай-ақ, Алматы крематорийінің қызметі – жер тапшылығын шешіп қана қоймайды,медициналық мекемелердегі биоқалдықтарды, жыл сайын жүздеп дүниеден озатынқаңғыбастарды, қаңғып өлген иттермен мысықтарды т.б өлекселерді өртеп, инфекциятаралуына жол бермеу.

Міне, мәселе қайда жатыр! Жалпы бізкез-келген нәрсені науқанға айналдырып жіберуге бейіл тұратын елміз ғой.Айтқымыз келгені, егер Алматыда крематорий салынса, ертең осыны көрген өзгеқала басшылары жер мәселесін шешеміз деп жаппай крематорий салуға ден қойыпкетпей ме, қорқыныш сонда.Бұлай бола берсе,түптің түбінде аруақтарға құран оқып, бет сипайтын молаларда қалмауы мүмкін-ау.

Азаматхан ӘМІРТАЙ, 

қоғамбелсендісі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39