«Қазақ – өте жалтақ, парақор, жағымпаз халық»

31.07.2019, 15:02

41

(Сұрақтың жауабы)

Мен олардың қолына философия тасын

ұстатар едім. Араларында философтар жоқ екен.

УильямШекспир

Енді жоғарыда Ж.Бабалықұлы қойған сұрақтың жауабын іздестіріпкөрейік. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады» дегенді қазақ жақсыбіледі. Сондықтан қазақта бетіне қарамай, шындықты жайып салатын, өткір адамдараз болмаған. Өткеннен Бұқардың, таяудағыдан Абайдың әркімнің шымбайына тиетін, ірепайтқан сөздері қазақтың есін жиюына түрткі болса керек еді. Бірақ олай болмады.Қазақ нағыз шамшыл халыққа айналды, құрғақ мақтанға далиып, кемшілікті түзейікдегенге аузынан көбігін шашып, шыға келеді.

Өркениетті қоғамдарда өз халқының санасын билеген кесірлімінездерін көзге шұқи көрсеткендер аз емес. Олар – тура жолдан тайған, кіржаққыш емес, сол халықтың ұлы тұлғалары, елін сүйетін, оның мүддесі үшін өмірінарнаған адамдар. Кемшілікті ашып айта отырып, оны түзету қажеттігін есі дұрысадамның бәрі құптайды. «Туған халқымыз болғандықтан, оны тек мақтай берейік» деу– өсетін жұрт қабылдайтын ұстаным емес. 

Қазіргі қазақ қауымында да шындыққа тура қарай алатынадамдар аз емес. Журналист С.Аббас-шах қазақты «өте жалтақ, парақор, мақтаншақ,дарақы, жағымпаз халық» деген екен. Белгілі мәдениет қайраткері Е.Тұрсыновқазақтың қылығына қатысты былай депті: «өз қолымыздан келер іс шамалы болды.Соның салдарынан біруге ұқсап бағуға тырыстық. Бірақ өзгелердің жақсысын емес,жаман қасиеттерін жұқтырдық. Көршіміз қия басса, кеңірдегінен ала түсуге дайынтұрамыз. Біз суайттыққа, біреуді сыртынан көрсетуге үйрендік. Біз өркеуделігімізді жоғалттық, қадірімізді кетірдік» (Мы. ОП. № 44. 2018).

Объективті қарағанға бәрі рас. Қазақ құзіреттілігітапшылығынан үнжырғасы түскен, зарлаумен өткен күйін әлі кешіп жатыр. Саясидамудың бағыттарын, қоғам қайраткерінің рөлін шамалау қабілетінен айырылыпқалған. Қоғамды дамытуға бағытталған саяси-құқыққорғау ұйымдарына бірігуге, келешектіңконфигурациясын жасасуға қатысуға, қандай да бір мақсатты әрекет жасауғақабілеті де, құлқы да жоқ. Иран-Ғайып айтқандай, «өлікке тең, тіріле алмайтын»,сұр тобырға айналған.

Ендігі ой сырағысын қазақтың осындай бейшаралыққа қалайтап болғаны және оны сол тұңғиықтан қалай суырып алып шығуға болатынынын көрсететінбағыттарға бұрғанымыз жөн болар. Қазіргі қазақтың санасын меңдеген келеңсізмінездерді жоққа шығарып, қазақ ондай емес деп, халықты ақтаумен айналысуданда, керісінше, жат қылықтарын тізіп, халықты көзге шұқи беруден де келер пайдажоқ. Бәрінен бұрын осы құбылыстарды зерттеп, олардың орын алу себебін айқындап,бұқаралық сананы дұрыс жолға бағыттайтын ғылымын табу керек. Өйткені, бұқаралықсанада көрініс беріп жүрген кейбір жағымсыз құбылыстардан арылмай алға жылжумүмкін емес.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: massaget.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»
Айжан БҮРКІТБАЕВА 03.12.2020, 17:08
Импорттың боданынан қашан құтыламыз?

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11