Қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы кикілжің: Қылмыстық іс қозғалды

10.10.2019, 08:51

110

Талдықорған-Өскементас жолын жасап жатқан қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы төбелеске қатыстытергеу басталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөзқызметі хабарлады. Оқиға қазанның 7-де Талдықорғаннан 45 шақырымда орналасқан  «CITICConstruction Co LTD» компаниясының базасында болған. Төбелеске қатысқан 3 қытайазаматына «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша әкімшілікіс қозғалған. Сондай-ақ, олардың көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталған екен.Қазіргі сәтте Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық соты аталғаністі қарап жатыр.

Оқи отырыңыздар: «Екіінімді полиция ұстап алып кетті»

21 жастағы жергілікті жұмысшы Қанат ЖАМБЫЛДЫҢ айтуынша,  3 бірдей қытай азаматы оны жабылып соққан.Азаматтықты әлі рәсімдемеген этникалық қытай азаматы Қазақстан аумағында ыхтиярхатпен жүр екен. Зардап шеккен азаматтың сөзіне сенсек қытай жұмысшылары оныкүрекпен бірнеше рет соққан.

"Менпогрузчикпін. Жолды тегістеп келе жатқанымда қытай азаматы айғайлай берді. Неболғанын сұрап едім, дұрыстап тегісте деп жекіп сөйледі. Мен олардың тілінтүсінем ғой. Айғайлап болмаған соң, жағасынан ұстадым. Аяғымнан күрекпен соқты,артынша, тағы 2 қытай азаматы жабылып, қылқындырды. Төбелес, шамамен, 1-2минутқа дейін созылды"-дейді, 2 ай бұрын ғана аталған компанияғажұмысқа кірген Қанат ЖАМБЫЛ.

Келесікүні базаға жақын маңда тұрып жатқан бір топ қазақ азаматы компанияда жұмысжасап жатқан қытайларды соққыға жыққан. Полицейлер мұның бұзақылық ниетпенжасалғанын, аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 3 бірдей бабына сәйкес қылмыстықіс қозғалғанын хабарлады. Қазір қылмыс жасаған күдітелер ұсталыпты. Аталған төбелеснәтижесінде 4 қытай азаматы әр түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген екен.

Оқи отырыңыздар: Қытайкомпаниясындағы төбелес: Ауыл азаматтарын қамап жатыр

Соныменқатар, «CITIC Construction Co LTD» компаниясындажұмыс істеп жатқан 33 шетел азаматының ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу дерегіанықталған екен.

Қазақжұмысшылары  аталған компанияда бұндайжағдайлардың жиі орын алып тұратынын айтқан. Сол себепті, журналистерден көмексұрап, бейнеүндеу жариялаған болатын. Мұндағы жұмысшылардың сөзіне сенсек,компанияда теңсіздік мәселесі бар.  

Фото: sm-news.ru



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 14:30
Ұлттық құқықты дамытатын кезең келді
Сайт әкімшілігі 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 11:01
Ұялы телефонға тәуелді ұрпақ
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:06
Алты ай іздеуде болған әйелдің денесі табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.04.2021, 16:45
Ашаршылық кезінде ашылған балалар үйі неге жермен-жексен?
Еркежан АРЫН 22.04.2021, 15:50
COVID-19: емдеуде халықаралық тәжірибе алмасу – маңызды қағида

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25