Қазақ ұлтының оппозициясы қазаққа қарсы қандай тәсілдер қолданады?

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

16.06.2021, 08:47

3016

Ертеректе, шамамен 1990 жылдары болса керек, орыс баспасөздерінің бірінен мынадай бір мақала оқығаным бар. Онда өз ұлтына қарсы шығатындар болса, олардың қандай жолдармен жеңіске жете алатындарын саралапты. Мысалы, жиналыстарында (әртүрлі отырыстарында) ұлттық мүдделеріне сай жақсы сөз айтылып жатса, міндетті түрде орныңнан атып тұрып, сұрақ қойып сөзін бөліп, айтып жатқан ойын бөлу, яғни әңгіме арнасын басқа жаққа бұру. Ол қолыңнан келмесе, өтірік жөтелу, түшкірінулерді де пайдалану қажет. Өз мүддеңе сай емес әңгімені халық қатты ұйып тыңдап жатса, халықтың ойын бөліп, жиналысты тастап (демонстративно), шығып кетуге дейін бару керек.

Баспасөздер де ұлттық мүдделерін қорғау жайлы жақсы мақалалар болса, оларға қолдан келгенше сенімді уәж жазып, жоққа шығару қажет. Егер мақалаға қарсы уәж айтуға ақылдарыңыз бен білімдеріңіз жетпей қалса, мақаланы емес, автордың жеке басын талқылауды ұйымдастыру керек. Автордың айтқандарына «жалған (қуғынбай)» деген айдар тағып, келемеж, күлкіге айналдырып, кемсітіп, боқтап, балағаттап, оны қалайда ашуландырып, мәдениетті сөйлеу шегінен шығарып, ел алдында боғауызшыл, адами қасиеті төмен, басы ауыратын (психбольной) бишара етіп көрсету керек. Айтарға уәж таппасаң, бәрін өтірік, «менің өтірікке жаным қас» деп бет бақтырмаң. Әңгіменің қысқасы, сол мақаланы жазған авторды келемеж, күлкі, мазаққа айналдыру арқылы жақсы сөздің мәнін халыққа сіңдірмеудің барлық айла-амалын жасау.

  Әсіресе қазақтың ұлы ата-бабаларының сөздерін, жырларын, шежіре-дастандарын ешкімге айтқызбау керек. Біздің қас жауымыз – осы. Олардың бәрін «қақбас», шығармаларын «стишок» деп атап, келемеж, күлкіге айналдыру керек. Олардың сөзі тұрса, ҚАЗАҚ ешкімге алдырмайды. Ол үшін бірінші кезекте бұл салаға ақшаны аямай төгіп, елді билік және оппозицияға бөліп, «демократия мен гендерлік» деген «сырты бүтін, іші түтін» саясатты жамылып, елді бай мен кедейге бөліп, арасын ашып, өздерін өздеріне парақорлық, жемқорлық, зинақорлық т.т. арқылы бір-біріне жақындатпау қажет. Адамдар арасында күншілдік дейтін жаман ауру болады. Соны қоздырып жіберсеңдер, өте тиімді болады делінген екен. Ең бастысы, құртуды жоспарлаған халықты тарихи жадынан, рулық шежіресінен, ана тілінен, ділінен, дінінен ажырату керек. Қазақ халқының оппозициясы да қазақ ұлтына қарсы тура осы қағиданы қолдануда десем, артық айтқаным бола қоймас.

Тегтер: оппозиция саясат тарих халық діл дін тіл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:40
Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
Сайт әкімшілігі 18.05.2022, 12:15
Ташкентке Алматыдан пойыз қатынайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 18.05.2022, 06:15
Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
Жарас КЕМЕЛЖАН 17.05.2022, 12:40
Қазаққа кім қымбат?
Сайт әкімшілігі 17.05.2022, 10:30
Тілдің болашағы талқыланды
Жарлы БАЙҒАНИН 17.05.2022, 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»

Аңдатпа


  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17
  • Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
    18.05.2022, 06:15
  • «Құдай маған форточкадан береді»
    17.05.2022, 05:08
  • Халықты тонаудың бір әдісі
    17.05.2022, 05:13