«Қазақмыстағы» қақтығыс: сот үкім шығарды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.09.2020, 04:41

666

Қаза болған адамға қатысты сот процесінің жүруі еліміз бойынша алғаш рет Қарағандыда өтті.  Көп кісі жинамау мақсатында сот залына журналистер кіргізілмеді, тек онлайн түрінде көру мүмкін  болды.  Сот барысында  судья барлық куәгерлер мен сарапшылардың қорытындысын және көрсетілімдерін оқып шықты. Еске сала кетсек,  21 қаңтарда Жезқазған қаласының  «Қазақмыс» корпорациясы филиалының тау-кен байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигуловтың кабинетіне Тоғызбай Тажбенов кіріп келіп, қарумен оқ атқан. Бағытталған оқ Амангелді Минигуловқа тимеген. Мылтық даусын естіген  сондағы мамандар Сабыржан Тембаев,  Владимир Лян, Төлеген Пішембаев  кабинетке кіріп келіп, оның қолынан қаруын жұлып алған. Осыдан кейін Тоғызбай Тажбенов бастығының арқасына пышақ салып алған.  Кейін өздерін арашалап жүрген Сабыржан Тембаевты ішінен пышақпен  жарақаттаған. Ең соңында Тоғызбай Тажбенов өзіне пышақ салып, өмірден озған. Заңға сай, күдікті қайтыс болған соң, тергеушілер істі тоқтатпақ болған.

     Алайда марқұм Тоғызбай Тажбеновтің ұлы әкесін ақтап алуын сұрап, сотқа өтініш түсірген. Өйткені ол әкесі қылмыс жасамады  деп есептейді. Тоғызбай Тажбенов 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Кәсіп қорған» тау-кен металлургия кәсіпорындары жұмысшыларының кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрағасы болған. Сотта келтірілген мәлімет бойынша, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кейбір басшыларынан Т.Тажбеновтің іс-әрекетіне қатысты наразылық туындаған. Осыдан кейін Жезқазған кен байыту фабрикасы кәсіподағының 12 мүшесі  «Қазақмыс» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайға шағым хат жолдаған. Амангелді Минигулов Тоғызбай Тажбеновті орнынан алмақ болған соң, жанжал туындаған.

      Прокурор сотта Тажбеновті барлық баптар бойынша кінәлі деп танып, жаза тағайындайтын адамның өмірден озуына байланысты қылмыстық  істі қысқартуды сұраған. Судья Исламхан Есенбаев қылмыстық оқиғаны көрген куәгерлердің көрсетілімдерінде қарама-қайшылық болған жоқ деп атап өтті. Сот шешімімен Тоғызбай Тажбенов кінәлі деп танылып, бұл қылмыстық іс қысқаратын болды.

     «Адамды  өлтіруге оқталу және қаруды заңсыз алып жүру фактісі анық болып табылады, қылмыс тікелей куәгерлердің  көз алдында жасалған. Өлімнен кейінгі психологиялық- психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Тажбенов психикалық сау болған, өмірінде қандай  да бір психикалық бұзылудан зардап шеккен жоқ, яғни әрекет жасағанда аффект жағдайында болған жоқ.  Оның әрекеттері саналы түрде жасалған, сондықтан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз жоқ», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы қылмыстық сотының баспасөз қызметі.     Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Әкесін қылмыс жасаған жоқ, керісінше, құрбан болды деп есептеген Тоғызбай Тажбеновтің ұлы мен адвокаты сот үкімімен келіспейтінін жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16