09.09.2019, 12:12
183
«Қазақмыс Холдинг» ЖШСдиректорлар кеңесінің төрағасы Эдуард ОГАЙ Лос-Анджелестегі үйін сатпақшы. Бұлтуралы kaztag.kzамерикалық Variety басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ басылымы «Қазақстандық олигарх Беверли Парктегіүйі үшін 30 млн $ сұрайды» деп жазыпты. Беверли Парк Лос-Анджелестегі ең қымбатаудан. Ол жердегі 73 зәулім үй таудың биік тұсында орналасқан. Беверли Парктекөбіне шетелдік бизнесмендер тұрады.
Әлемдегі мыс алпауыты болып есептелетін «Қазақмыс» біржылда 3 млрд $ табыс табады. Эдуард Огай осы «Қазақмыс» акцияларының басымбөлігіне иелік ететін мультимиллиардер Владимир КИМНІҢ оң қолы. Огай АҚШ-ғы бұлзәулім сарайын әйелі екеуі шамамен 40 млн $ сатып алған екен. 1 мың шаршыметрлік үйде 10 жатын бөлме мен 16 ванна бар. Сондай-ақ, бұл үйді алған адамЭдди МЕРФИ, Сльвестр СТАЛЛОНЕ, Кимора ЛИ СИММОНС және Мэджик ДЖОНСОН сындыатақты адамдармен көрші болады.
Елу жастағы бизнесмен Форбс журналының 50 бай кәсіпкері тізіміне кірген.2016 жылы оның дәулеті 61 000 000 $ бағаланған. Сондай-ақ, ЭдуардОгай Қазақстандағы корейлер Ассоциациясы басқармасының мүшесі, Құрмет орденініңиегері.
Фото: emaze.com
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР