Қазаққа малын бесікке бөлеп бағу ғана қалды ма?

21.05.2020, 06:40

62

 Ақмола облысына қарасты Жалғызқұдық ауылының тұрғындары кең жерде отырып,«жапырақтай жайылым таппай қалдық» деп зар еңіреп отыр.  Алматы маңын мекен ететін облыс тұрғындары дажайылымдық жердің жоқтығынан мал асырай алмай, ақыры малдарын сатып тынғанынайтып ашынады. Жайылымдық жердің дені жекенің қолына өтіп кеткеніне налығанжұрт «сатылмағанне қалды» деп, базынасын айтуда.

Деректерге жүгінер болсақ, бүгінде елімізде 187млн гектар жайылымдық жер бар. Ма­мандардың байыптауынша, қазірде жеке­ле­генқолға өтіп кеткен  жайылымдық жерлердіңжай-күйі қатты алаңдатарлық деңгейге жеткен. Бүгін­де шаруаларға пайдалануғабер­ген жайылымдық жерлеріміздің 80 пайызы жарамсыз болып қалған. Басты себеп:жекелеген шаруаның жерді күтіп-баптауға қау­қары жоқ. Техникалық қуаттылығыжарамсыз.

Бұғанқатысты «Жас Алашқа» пікір білдірген ауыл шаруашылғы ғылымының кандидатыӘскербек Нұрәлиев: «БҰҰ деректеріне қарағанда, еліміздің жайылымдық жерменқосқанда, 272,5 млн га жерінің 179,9 миллионы шөлейттенуге дейін жеткенкөрінеді. Деректер бүгінде ауыл­дық аумақтарда 280 мыңдай отба­сы­ның жерсізқалып отырғанын көрсетеді», – дейді.

 Жерсіз қалу дегеннен шығады, кезінде же­келегеншаруа қожалықтары құрылып, ауылдық аймақтардағы шаруалар жерді пайдаланудыңжаңаша тәсіліне көшкені белгілі. Осы тұста білетіндер  көлемді жайы­лымдық жерлерді қарпып қалуғатырысып бақты. Тіпті шенеуніктердің өздері де бәленбай мың гектар жайылымдықжерді иемденіп алып, қазір ол жерлердің игерілмей, бос жатқанының куәсі болыпжүрміз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, қазір елімізде жерінің ауданы 25мың гектардан асатын 301 субъекті бар. Оның 225-і астықты өңірлерде орналасқан.Иелік еткен жерінің аумағы 25 мыңнан 50 мың гектарға дейін баратын жеке жәнезаңды тұлғалар саны 232-ні құрайды. 32 субъектінің меншіктеген жері 50 мыңнан70 мың гектарға дейін созылып жатқан көрінеді. Ал 37 қожайын Қазақстанда жалпыауданы 70 мың гектар және одан да көп болатын ұлан-байтақ жерге иелік етудеекен. «Қолынан келгендер қонышынан басып», ауқымды жерлерді осылай иемденіп алыпжатса, аңқылдаған қайсыбір аңқау ел «өкімет өлтірмейді» деген бей­ма­рал күйденәлі де арыла алмай жүр. Бір ес­керетіні, кезінде сол көлемді жерлерді жал­ғаалып, тіпті пысықайлық танытып жеке­шелендіріп алғандардың дәурені жүріп тұр.Шаруалардың бұл тарапы бүгінде қоңсысына бөтен елдің малын қондырмайды.Жайылымына бөтен мал кірсе, жауын көргендей тықсырады.Бұған қатысты шаруа қожалығының иесі,фермер  Жанғали Күнтуғанов: «Біз малөсіретін Іргелі ауылының шетінде  босжатқан ауқымды жер бар.  Қаншама дәндідақыл егіп, халықты асырауға болатын жерлер қараусыз жатыр. Жұмыс істегімізкеледі. Бірақ бос жатқан телімдер кімдікі екенін білмейміз. Күзетшілері малыңжеріне түссе тықсырып қуады. Малды көгендеп бағамыз. Жайылымдық жер жоқ болғансоң, мал азығын даярлау да өте қиын. Қолымызда бар мал жаятын жеріміз әбдентозды. Қасымыздағы ауқымды жердің иесін іздеп табу тіпті мүмкін емес. Іздей бастасаңиесі басқа қалада болып шығады», – дейді.

 Бір бұл емес, қазір Қазақстанда қолданылмайбос жатқан 2 млн 200 мың гектардан астам жер бар екен. Ал мамандар  мұндай жерді химиялық, механикалық өңдеуденөткізу үшін миллиондаған шығын кететінін әрі жұмысты үш жылдан кейін ғанабастауға болатынын айтып отыр.
Сала мамандарының пайымынша, жайылымдық жерлердің же­тіспеушілігі өз алдына, болашақта жайылымдардыңтозуынан келіп жатқан зиянның көлемі айрықша болады екен. Мәселен, егістік топырағының эрозияға ұшырауысалдарынан соңғы бес жылда мемлекетке келген шығын 779 миллион долларды ша­ма­ласа,екінші қайтара сорланудың (тұз­дану) зардабынан 2,5 миллиард доллар шығынғаұшыраппыз.

 Бұл ретте ғалым Әскербек Нұрәлиев: «Болашақтаелде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігінен бөлек, жердің шамадан тыс тозумәселесі қатты бой көтеріп тұр. Сондықтан осы арада «Жайылымдық жер туралы» заңдықайта қарау қажет. Елдегі ірі көлемді жерді алып, оны қараусыз қалдырған латифундистердіңжауапкершілігін арттыру керек. Біздің елде жайылымдық жерге қомақты салық алынбайды.Сондықтан болашақта  ауыл шаруашылығыминистрлігі ірі көлемде жайылымдық жерлері барларға талап қоя білуі керек.Оларға «жеріңді ұқсатасың, халыққа пайдасы бар дүниелер жасайсың болмасамемлекетке өткізесің» деген мәселені төтесінен қою керек», – дейді.

  Негізінде, жайылымдық жерге қатысты   бірқатар елдер заңын дұрыстап, сауатты салықжүйесін енгізіп те алыпты. Мысалы, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Өзбекстантәрізді елдерде шаруалар көлемі ауқымды  қандай да бір жайылымдық жерлерді жалға алса,мемлекетке қомақты салық төлейді. Моңғолияда мемлекеттік қызметте жұмысістейтін шенеуніктерге ірі көлемді жайылымдық жер мүлдем берілмейді.  Сондай-ақ бұл елде ірі кәсіпкерлер жерден тапқанпайдасын міндетті түрде мемлекетпен бөліседі. Пайдаланған жерін үнемі тыңайтып,жай­на­тып отырады. Былайша айтқанда, біраз елдер «жер қатынасын реттеу және оныпай­далану тәсілі арқылы мемлекет те, шаруа да пайдаға батуы керек» дегентәсілді ұстанған. Өкініштісі, біз  бұл жайттыуыстан шығарып алдық.

     Бұғанқатысты заңгер Шәріпбек Бекхожин былай дейді: «Кезінде Ақмола облысының әкіміболған Сергей Кулагиннің өзі жекеменшігінде 80 мың гектар жер бар екенін айтқанболатын. Бұдан бөлек, 700 мың гектар жері бар холдинг басшылары бар. Бір адамныңиелігінде 1,5 млн гектар жайылымдық жер бар. Ірі жер иеленушілерге қатыстықатаң заң керек. Біздің қателігіміз – жердің басым бөлігін жекенің қолынаөткізіп, бақылауды төмендетіп алғанымыз».

    Қорытаайтсақ, Маңғыстауда бір адамның ғана қолында аумағы 2 миллион гектар бос тұрғанжайылымдық жер бар екен. Бұл дегеніңіз – үш Латвияға пара-пар жер көлемі. Сондабіздегі қарақан басының қамын ойлаған латифундистер осыншама жерді иемденіпшырт түкіріп отырады да, қарапайым қазақ екі бас малын жаятын жер таппай,қозысын көгендеп бағып, жылқысын тұсап жайып жүре бере ме?! Алдағы уақытта малөсіргісі келетін халық не істеуі керек?! Жайылымы жоқ елге енді  малын бесікке бөлеп бағу ғана қалғаны ма?!

Болашақта үкімет пен ауыл шаруашылығы министрлігібұл мәселелерге бейжай қарамайды деп үміттенеміз. «Малым – жанымның садағасы»дейтін халыққа жаны ашыса, үкімет пәрмені мықты заң қабылдап, дәрмені күштілатифундистерге бақылауды күшейтуі қажет.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52