Қазаққа жер алу қиын – атыраулық фермер жерсіз қалды

17.07.2019, 00:02

4

Атырауоблысы Исатай ауданының басшылығы соңғы он бес жыл ішінде, жердің тиімдіпайдаланылуына байланысты мониторинг жүргізілмегенін көріп жедел олқылықтыңорнын толтыруға кіріскен. Алайда, олардың бұл әрекеті «шаш ал десе басаладының» керін келтіріп тұр.

«МажановТ.» шаруа қожалығы – облыс бойынша асыл тұқымды сиыр өсіріп отырған бірден біршаруашылық болып табылады. Қазір онда тоғыз жүздің үстінде ірі қара мал,қыстауы, қазып алған құдығы бар. 2004 жылы шаруа қожалығына Исатай ауданыәкімдігінің шешімімен он жыл бойына пайдалануға екі жүз гектар жер беріледі. Соданбері жыл сайын салығын үзбестен төлеп, кәсібін дөңгелентіп отырған фермерТұрлан МАЖАНОВ жақында «Қолдау» бағдарламасы аясында субсидия алмақ болыпөтініш жазған кезде, жерді өзінен «тартып алғанын» бір-ақ біледі.


-Әрине, менен де кінә бар. Он жылдан кейінжерді жалға алу мерзімін ұзарту керектігін құнттамаппын. Бірақ, комиссиясыртымнан шешім шығармай, өзімді шақыртса, тым құрымаса, ескертсе болар едіғой. Шешімнің өзін қайта-қайта сұрап жүріп көрдім. Сөйтсем, онда «комиссиямүшелері бірауыздан қолдады» деп жазыпты! Менің жұмыс істеп отырғанымды, жылсайын жер салығын төлеп отырғанымды біледі, бірде біреуінің араша түспегенінеқынжылдым. Осы уақытқа дейін менің жұмысыма ешқандай сын айтылған жоқ еді, адалеңбек етіп келемін, — дейді Т.МАЖАНОВ.

Белгіліболғандай, аудан әкімдігі шаруа қожалығынан жерді тартып алу жөнінде 2019 жылышешім шығарыпты. Амалы құрыған қожалық иесі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынашағымданады.

-Жер Кодексінің 37 бабына сәйкес, жалға алушымерзімі бітерден үш ай бұрын тиісті органдарға ескерту беруі тиіс. Ал бұлкісіде аталған мерзім 2014 жылы-ақ бітіп кеткен! Қазір ауданда ауыл шаруашылығымақсатындағы жерлерге мониторинг жүріп жатыр, ол бойынша заңсыз учаскелертартып алынады, — дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Болатбек СИСАТОВ.


-Сіз қызметке енді кірісіп жатыр екенсіз, албұған дейін жұмыс істегендер қайда? Олар қайда қараған? Неге біз болған жайдыкәсіпкердің өзі шағымданғаннан кейін ғана біліп отырмыз?, — деп сұрады аймақтықкәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ.

«Бақсақбақа екен» демекші, қабылданған шешімнің өзінде заң бұзушылықтар бар болыпшықты. Мәселен, талапқа сәйкес, шешім шығаратын комиссия мүшелерінің теңжартысы қоғамдық бірлестік өкілдері болуы тиіс, бұл жерде ондағы тоғыз адамныңжетеуі – мемлекеттік орган қызметкері.

Қазіргікүні аймақтық палата аталған аудан әкімдігінен «Мажанов Т.» шаруа қожалығынабайланысты шешімді қайта қарауды сұрап отыр. Себебі, ол – тынымсыз әрі табысты жұмысістеп тұрған қожалық болып саналады. Аймақтың, әсіресе, асыл тұқымды малшаруашылығын өркендетуге үлес қосып отырған шаруашылықтың тағдырын бір сөзбеншешіп, сан жылдар бойғы еңбегін жоққа шығаруды Жолдыбаев мырза «қағазбастылық»деп бағалады. Мәселе Тұрлан Мажановтың пайдасына шешілмеген жағдайда Исатайауданы әкімдігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы соттаспақ ниетте.

Фотолар автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34