28.02.2023, 15:30
647
Елімізге бұрын ресейлік баспалардан келіп тұратын шетелдік аударма әдебиеті қазір санкциялар астында қалды. Кітап сөрелері ендігіқаңырап бос қала ма, әлде қазақша мұқабамен бестселлер шыға бастайды ма екен?
Әскери қақтығыс басталғаннан кейін көптеген әлемдік авторлар мен баспалар ресейлік бизнеске өздерінің жаңа өнімдерін аударуға тыйым салды. Әзірге шетелдік кітаптар бұрын сатып алынған құқықтардың мерзімі аяқталғанға дейін шығып тұрады.
Шетелдік көркем және публицистикалық әдебиеттер – баспагерлер табысының негізгі үлесі. Жақында олар бұл қаржылық олқылықтың орнын «саммари» жанрындағы жаңа өнімдерді шығару арқылы толтырғысы келетіні белгілі болды, яғни аудармашының қысқаша мазмұны ұсынылады.
Мұндай импорт алмастыру шаралары көптеген сұрақтар мен кедергілер тудыратыны анық. Меломан желісі «саммари» жанрының сатылуына қызығушылық танытпайтындықтарын ашық білдіріп отыр. Бүгінде, мысалы, қазақ тіліне аударылған Стивен Кингтің туындылары қазір орыс тіліндегі нқсөаларына қарағанда жақсырақ сатылып жатыр. Ал жаңадан қадам басып келе жатқан «Зерде» баспасы қазірдің өзінде ханзада Гарридің « Spare» кітабының құқығын сатып алу үшін британдықтармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ал жоба сәтті аяқталса, ресейлік сөрелерде «Эксмо» мұқабасындағы қысқаша баяндаудың қасында «Зердеден» толық аудармадағы әлемдік бестселлер пайда болуы мүмкін.
Сатылған кітап өнімдерінің басым бөлігіәлі де орыс тілінде және тек Ресейден сатып алынады. Қазақ тілінде – шамамен әрбір бесінші кітап. Бірақ бұл үлес жылдан жылға қарқынды өсіп келеді. Шетелдік аударма әдебиеттер барлық кітаптардың шамамен 80%-ын құрайды. Ай сайын сөреге 500-ге жуық жаңа аударма басылымдар қойылады. Желілік маркетологтардың 2022 жылғы зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтар арасында ең үлкен сұраныс фантастика жанры емес, қысқаша «саммари» жанрына қысқартуға қиынға соғатын классикалық әдебиеттер.
Жалпы каталогта «саммари» бойынша санаулы ғана басылымды табуға болады. Сонымен қатар, қазақстандық желіде мұндай «қысқартылған» кітаптарды сатуға зор потенцциал бар: 2015 жылдан бастап Ресейде саммари шығаруға маманданған Smart Reading атты баспа үйі жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде оларң маңызды идеяларды сақтап, оқу уақытын 10-30 минутқа дейін қысқартып, жеті жүз бестселлер кітаптан пайда тапты. Сала мамандарының түсіндіруінше, саммари – бұл жеке құқықтарды қажет етпейтін тәуелсіз өнім. Бұл жанр өз уақытын өте бағалайтын жастар арасында танымал. Мәселе оның көркемдік құндылығының төмендеуіне әкеледі. Дегенмен де, бұл жанрға көп мән берілмесе де, қазақстандық нарықта да көңіл бөлінеді деген жоспар бар.
Бірақ еліміздегі ең ірі кітап дүкендерінің бірі саналатын «Меломан» компаниясы ондай әдебиетке еш қызығушылық танытып отырған жоқ. Қазақстандық кітап шығарушы және сатушы орыс тіліндегі шетелдік жаңалықтарды біраз уақытқа жоғалтып алар болса да, оған қазірдің өзінде ауысуды жоспарлап отырған жоқ.
«Меломан» желісінің кітап дирекциясының жетекшісі Ксения Семенова былай дейді:
– 2022 жылы орыс тіліндегі кітаптардың сатылымы 15%-ға төмендеді. Бұл ретте қазақ тіліндегі сауда көлемі екі есеге артты. Біздің ассортиментте шет тілдерінен қазақ тіліне аударылған басылымдар көп. Тұтынушының жалпы кітапқа деген сұранысы өсті.
Қазақстандағы кітап нарығының дамуы – ең алдымен қазақ тілді әдебиеттің өсіп-өркендеуі. Әрине, жақын арада қазіргідей 20% емес, бұдан да жоғары көрсеткіштерге ие болады деп сеніммен айтуға болады. Негізінен, орыс тілді әдебиеттің көрсеткіштерінің төмендей бастауына әлемдегі геосаяси жағдайдың еш қатысы жоқ. Бұл Қазақстанның ішінде болып жатқан жағдайларға байланысты – қазақтілді оқырмандардың артуы, қазақша оқуға деген қызығушылық. Мысалы, Стивен Кингтің бестселлері орысшаға қарағанда қазақша аудармасы жақсырақ сатылады.
Қазіргі уақытта сөрелерде тұрған шетелдік авторлардың туындыларының шамамен 5%-ы түпнұсқада және тек ағылшын тілінде келеді екен. Осыдан бір-екі жыл бұрын әлемдік бестселлер атанған Барак Обаманың кітабы шыққанда, түпнұсқасыда сатыла бастаған. Ол Қазақстанда немесе Ресейде шыққан кітаптардан әлдеқайда қымбат болды. Бірақ барлығы сатып алды. Расында, 13-21 жас аралығындағы өскелең ұрпақ қазірдің өзінде үш тілді меңгеріп жатқанын анық байқауға болады.
Қазақстан үшін аударма әдебиетінің шектеулі жағдайы өзгерістерге түрткі болып отыр дейді сарапшылар. Жалпы, соңғы онжылдықта аударма нарығы қарқынды дамып келеді, яғни әлемдік әдебиет қазақ тіліне бейімделе бастады. Атап айтқанда, Раиса Сайран Қадырдың « Steppe & World Publishing» баспасы Хәрри Поттердің, «Анн Франктың күнделігін» және Муракамидің кітаптарының қазақша аудармасына айрықша құқықтарға ие болды. «Фолиант» баспасы Линдгрен, Твен, Киплинг, Памук шығармаларын аударып, басып шығарды. «Мазмұндама» қоғамдық қоры қазақтілді аудиторияға Стив Джобстың, Дейл Карнегидің, классиктерден Джек Лондонның, Оруэллдің, Уэллстің және басқалардың бестселлерін ашса, Илон Масктың аудармасын кәсіпкерлер Марат Сүлейменов пен Бейбіт Әлібеков қолға алған. Осылайша, бізде қазірдің өзінде шетелдік баспалармен жұмыс істеу тәжірибесі, ағылшын тілінен қазақ тіліне кәсіби аудармашылардың жұмыс жасауы көрініс тауып отыр, сондай-ақ бұл мәселеде мемлекеттік қолдау бар.
Нарықтағы мамандар орыс тіліне аударғанда бәрі әлдеқайда күрделі дейді. Ең үздік лицензиялар үнемі Ресейдегі кітап баспаларына беріліп отыратын. Десе де Қазақстанда бүгінде алғашқы жетістігіміз бар. Өткен жылы Стивен Левидің Facebook-тің негізін қалаушы туралы хиті «The Social Network» сатылымға шыққан болатын. Қазір ол Қазақстанда да, Ресейде де үш мың дана таралыммен сатылуда. Баспа үйі Түркияның және орыстілді диаспорасы бар басқа елдердің нарығына шығу ниеті бар екендігін айтады. Қазақстандық жас «Зерде» баспасы «Меломанмен» бірге бұл кітапты аудару құқығына ие болды. Кітап ресейлік оқырмандар арасында да сәтті сатылымға ие болды. Zerde Publishing баспасының негізін қалаушы әрі директоры Инара Сәруар:
— Көрші елге аударма жасауға қазірде санкциялардың салынып жатуы қазақстандық баспа үшін артықшылықтар ғана береді. Қазір «Зерде» баспасы ханзада Гарридің сенсациялық естеліктерін шығару үшін британдық әріптестермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Авторларды ұсынатын және барлық тілдерде құқықтарды сататын Penguin Random House LLC сияқты жаһандық баспа конгломераттары Қазақстанды орыстілді оқырмандары бар нарық ретінде тани бермейді. Біздің халықтың саны олармен жұмыс істеуге дайын статистика емес. Бірақ жағдай өзгеруде. Сондықтан, ең алдымен, біз енді авторлық құқық иелерінен аударманың сапасына, авторлық құқықтың сақталуына кепілдік бере отырып, өз атымызға ие боламыз. Zerde Publishing баспасы орыс тіліндегі бестселлерлердің құқықтарын сатып алу бойынша белсенді жұмысты бастады.
«Зерде» баспасы қазірдің өзінде ірі әдеби агенттіктермен, халықаралық баспалармен келісім-шарттар жасап, серіктестік туралы меморандумдарға қол қоюда.
Мемлекет тарапынан да әдебиетті аудару ісін қолдау шаралары жүргізіліп жатыр. Тұңғыш Президент қорының қаржылай қолдауымен «Ұлттық аудару бюросы» коммерциялық емес ұйымы бар. Олар «100 кітап» мемлекеттік ірі жобасы аясында әлемдік ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ мемлекет арнайы бағдарлама бойынша жыл сайын облыс кітапханалары үшін баспалардан үш мыңға жуық дананы сатып ала алады. Аударма әдебиетке ғана мән беретін бірнеше баспалар бар.
Әзірге біздің шағын нарық батыс авторларын қызықтырмаса да, батыс әдебиетінің мұндай көлемін өңдейтін ағылшын-орыс кәсіби аудармашылары аз. Ресейде бұл салада өте ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдар көп. Бұл шынында да өте қиын мамандық, аудармашылар жылдар бойы машықтануы тиіс, оның орнын бір сәтте толтыру мүмкін емес. Бірақ біз тәжірибелі ағылшын-қазақ мамандарының нарығын қалыптастыра алған сияқтымыз. Бір сөзбен айтқанда, ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық баспалар үшін жақсы мүмкіндіктер ашылуда.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР