Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама

Еркежан АРЫН

05.08.2021, 12:27

2652

        Өткен аптада мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» мүгедектерге қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған заң жобасын әзірлеуде.

        Бұл құжат Қазақстан 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялаған мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына қосымша келісім болып табылады. Конвенцияға сәйкес, оны ратификациялаған мемлекеттер мүгедектердің өмір сүруінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғау үшін заңнамалық шараларды қоса алғанда, барлық шараларды қабылдауы тиіс. Қазіргі уақытта заң жобасы мемлекеттік органдарда мақұлдау рәсімінен өтіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ерлан Әукенов:

    – Факультативтік хаттаманы ратификациялау Қазақстан Республикасының азаматтарына өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғау құқығын береді. Хаттама конвенцияда бекітілген осы құқықтар бұзылған жағдайда жеке шағымдарды қарау механизмін белгілейді. Ұқсас тетіктер азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенцияда және нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенцияда қарастырылған, – деді.

      Факультативтік хаттаманы ратификациялағаннан кейін тараптар БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі комитетінің конвенция бойынша құқықтарының бұзылғаны туралы жеке немесе топтардың шағымдарын қарау құзыретін мойындауға келіседі. Комитет қатысушы мемлекеттен ақпарат сұрай алады және оған ұсыныстар бере алады. Сонымен қатар тараптар комитетке конвенцияда бекітілген құқықтардың «өрескел немесе жүйелі түрде бұзылуын» зерттеуге, хабарлауға және ұсынуға рұқсат бере алады. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция мен Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативті хаттаманы БҰҰ  2006 жылдың 13 желтоқсанында барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең пайдалануға жәрдемдесу, қорғау және қамтамасыз ету үшін қабылдады. Барлық мүгедектермен және олардың қадір-қасиетін құрметтеуге ықпал етуге бағытталған.

         Қазіргі уақытта 97 мемлекет конвенцияға қатысушы болып табылады, оның ішінде көршілес елдер – Әзірбайжан, Армения, Моңғолия және Украина бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11