Қазақстан-2021: тенденциялар мен маңызды оқиғалар

Еркежан АРЫН

16.06.2021, 08:44

176

Өткен жылы Қазақстанда басқарудағы өзгерістер, саяси реформалар және коронавируспен күрес басты назарда болды. Пандемия денсаулық сақтау, білім беру және мемлекеттік қызметтер көрсету және шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы проблемалық аймақтарды едәуір дәрежеде ашып көрсетті. Сонымен қатар, пандемия мемлекеттік аппараттың өзгеруін жеделдетіп, ішкі саясатты жүйелі цифрландыру бойынша күн тәртібін жаңартты.

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде маңызды ауысым Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) ұсынған бастамаларды жүзеге асыру болды, атап айтқанда, митингілер туралы жаңа заң қабылдау, парламенттік азшылықтапдың құқықтарын кеңейту, партиялар үшін шекті мәнді 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік Хаттамасына (ICCPR) қосылу, әйелдер мен жастарға арналған партиялық тізімдерде 30%-дық квотаны бекіту сияқты шешімдер қолға алынған болатын.

Осы шаралар негізінде биылғы жылдың басындағы, 2021 жылы 10 қаңтарда өткен парламент сайлауы орын алды. Бұл үдеріс жаңа саяси бірлестіктер мен партиялардың пайда болуымен және тұтастай алғанда бүкіл ішкі саяси өрістің белсенділенуімен қатар жүріп өтті.

Ескендір Ақылбаев, Қазақстандық Халықаралық қатынастар кеңесінің атқарушы директоры:

— Пандемияға қарсы күрес осы деңгейде сақталып қалады, жалпы бұның өзі 2021 жылы елдің ішкі саяси және экономикалық өміріндегі шешуші фактор болады. Қазақстандық қоғамдағы көптеген процестер COVID-19 коронавирустық инфекциясы салдарынан өлім мен жұқтырып, ауырушыылардың санын төмендету шаралары мен тәсілдеріне байланысты болады. Вакцинация мәселесі, атап айтқанда, ол туралы ақпаратты кеңінен тарату және тұрғындар арасында вакциналардың әртүрлі түрлеріне деген сенімділікті арттыру мемлекет тарапынан қосымша күш-жігерді қажет етіп отыр. Мұның бәрі азаматтық сектордың жаңа пікірталастары мен сұраныстарын қалыптастырады.

Жыл басында өткен Қазақстан Парламентіне сайлаудан кейін, біз басқарушы партияның, Парламент мүшелерінің қатарының жасаруын байқай аламыз, сондай-ақ Қазақстанның жоғарғы заң шығарушы органына жаңа саяси күштердің енуін көре алатын сияқтымыз. Сарапшылар, сонымен бірге, үкіметтің ауысуы мен мемлекеттік аппараттың ішінде жаңа тұлғалардың пайда болуын жоққа шығармайды.

Осының аясында жыл соңында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Геосаяси ортаның өзгеруі жағдайында, әлемдік пандемиямен және қазақстандық қоғамның өзгеруімен байланысты қиындықтар, 2021 жыл ел басшылығы үшін символдық мәнге ие болмақ. Бұл үдеріс қоғамды үлкен консолидациялауға бағытталған аймақтық факторларға арналған идеологиялық хабарламалардың күшеюімен қатар жүреді.

2021 жылы аймақ ретінде Қазақстан үшін қандай маңызды оқиғалар мен тенденциялар әсер етеді?

Ескендір Ақылбаев, Қазақстандық Халықаралық қатынастар кеңесінің атқарушы директоры, сарапшы:

— 2021 жылы Орталық Азия елдері қадамдық ынтымақтастықты нығайту векторын жалғастырады. Орталық Азия елдері басшыларының кейінге қалдырылған үшінші консультативті кездесуі Түркіменстанда өтуі мүмкін. Өз кезегінде, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиырмасыншы саммиті Душанбеде өтеді, ал Тәжікстан аймақаралық алаңның төрағасы болады. 2021 жылы мамырда Қазақстанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммиті өтеді, онда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің басшылары кездесу өткізіп, әріра еуразиялық бағыттың одан әрі даму траекториясын айқындайды.

Сонымен бірге Ауғанстандағы әскери-саяси ахуал аймақтық көзқарас пен «ауған процесін», әсіресе Ташкент пен Нұр-Сұлтан арасындағы реттеу механизмдерін қалыптастыруға әсер етеді. АҚШ Президенті Джо Байденнің жаңа әкімшілігінің Ресеймен және Қытаймен одан әрі қарым-қатынасы да маңызды. Негізгі мүдделі тараптар арасындағы қатынастардың шиеленісуі немесе жақсаруы қаржы нарықтарының жай-күйіне және аймақтағы геосаяси шиеленістерге әсер етеді. Осы тұрғыда АҚШ пен Ресей арасындағы Стратегиялық шабуылдау қаруын қысқарту және шектеу туралы келісім (ДСНВ) 2021 жылы 5 ақпанда аяқталған болатын. Демек, келісім мерзімі ұзартылуы Вашингтон мен Мәскеу арасындағы Шарт туралы өзіндік көзқарастары Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігінде өз ізін қалдырды.

Ел тәуелсіздік алғаннан бері қолданып келе жатқан халықаралық қатынастардағы көпвекторлы саясат мемлекеттілікті қалыптастыруда, экономиканы қалпына келтіруде, қауіпсіздікте, халықаралық бастамаларда және инвестицияларды тартуда маңызды нәтижелер берді. Алайда, сарапшылардың айтуынша, мұндай саясат әлемдік державалардың жаһандық ынтымақтастығы жағдайында ғана жұмыс істейді және әлем дамуының әр кезеңіне сәйкес келуі мүмкін емес. Ол жаһандық күн тәртібіне және геосаяси жағдайға байланысты түзетілуі керек.

Мақсат Курбенов, Инклюзивті Даму Қорының (IDF) басқарушы директоры:

— Осылайша, көпвекторлы саясат 1990 жылдардан бастап 2014 жылға дейін белсенді жүрді. Бұл АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас пен жылымық кезеңі, сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасындағы белсенді ынтымақтастық кезеңі. Дәл осы кезеңде АҚШ, ЕО, Қытай және Ресей ұсынған барлық әлемдік державалар өзара белсенді әрекеттесіп, серіктестікке мүдделі болған кезде гиперглобализация циклі орын алды. Бұл кезең, сонымен қатар, бұрынғы одақ елдерінің егемендігі шеруі мен дамушы нарықтардың жедел өсу уақытын белгіледі. Жалпы, осы кезеңде көпвекторлы саясат тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге көптеген дамушы елдер үшін халықаралық саясатты жүргізудің ең тиімді тетігі болды. Жаһанданудың белсенді кезеңі барлық негізгі ойыншылармен көпжақты қатынастардың дамуына ықпал етті, — дейді.

Басқаша айтқанда, негізгі державалар арасында елеулі келіспеушіліктер туындаған кезде көпвекторлы саясат өз жұмысын тоқтатады, өйткені ел державалар арасындағы қатты қастық кезеңінде барлық негізгі ойыншылар үшін толыққанды серіктес бола алмайды. Бүгін біз әлемдегі геосаяси жағдайдың жетілдірілмейтінін және әлемдік державалардың бәсекелестігі күшейе түсетінін нақты түсінуіміз керек.

Ал пандемия қаупі алдында бірікпеген әлемде аймақтық ұрыс-керістер мен ұлтаралық қақтығыстар өршіп, халықаралық келісімдер мен ғаламдық қауіпсіздіктің бекіністері жойылуда. Ұлттық мүдделер әлем мемлекеттерінің даму барысын толығымен анықтай бастады.

Жаһандық геосаяси қарсыласу кезеңінде әлем ғана емес, аймақтық державалар да өздерінің ұлттық мүдделерін бәрінен жоғары қояды.

Сондай-ақ, Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін бірінші орынға қойып, негізгі халықаралық мәселелер бойынша өзіндік тәуелсіз пікірге ие болуы қажет.

Қазіргі жағдайда көпвекторлы саясатты одан әрі пайдалану Қазақстанның халықаралық саяси салмағы мен имиджі үшін тиімсіз шешім болып отыр. Көпвекторлы саясат Батыс пен Ресей, Батыс пен Қытай арасында қарама-қайшылық болған кезде жұмысын тоқтатады. Мұндай жағдайда бәріне одақтас болу және елге тікелей әсер ететін процестерге реакция бермеуге тырысу кері әсерін тигізеді.

Қауіпсіздік тұрғысынан «тәуелсіз арал» саясаты бірқатар артықшылықтарға ие болады, өйткені мұндай халықаралық саясат шеңберінде Қазақстан ашық және тәуелсіз көзқарастары бар ел ретінде халықаралық қоғамдастықта құрметке ие болады. ұлттық мүдделеріне сүйене отырып, барлық державалармен бірдей дербес ынтымақтастық жасайды. Әлемдік державалардың ешқайсысы да Қазақстанға қол сұқпайды, өйткені ел бейтараптылықты сақтайды және халықаралық қауымдастықтың қорғауында болады. Басқа алпауыт елдер үшін Қазақстанның қуатты мемлекеттердің біреуінің қамқорлығына өтуі тиімсіз болады.

Мамандардың пікірінше, қазіргі заман дәуірінде елге барлық елдермен экономикалық қатынастар мен сауда-саттықты сақтай отырып, өз тәуелсіз саясатын жүргізу қажет. Әрине, «тәуелсіз арал» стратегиясын қолдану жоспарлы түрде және өткір маневрлерсіз жүруі керек, өйткені көпвекторлы тәсілді келесі кезеңге ауыстыру уақытты алатыны сөзсіз, бірақ оның басты мақсаты ұлттық қорғаныс пен мүдделерді қолдау болуы керек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31