01.07.2019, 15:54
68
Ливанның Қорғанысминистрі Ілияс Бу-Сааб Қазақстан билік өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп,Теңізде болған оқиғаны айыптаған. Бұл туралы informburo.kzсайты жазды.
Ливандық NNAагенттігінің мәліметінше, Ливан қорғаныс министрі Ілияс Бу-Сааб Теңіз кенішіндеболған оқиғаны айыптай отырып, Қазақстан билігінен ливан диаспорасының қауіпсіздігінқамтамасыз етуді талап еткен.
Ал, Ливан жәнеИордания билігі Теңіз кенішінде болған жанжалда зардап шеккен шет ел азаматтарыныңқазір қауіпсіз жерде екенін айтқан. Мәліметке қарағанда, қазір зардапшеккендерді елдеріне әкетуге дайындалып жатыр. Жискар әл-Хури MTV телеарнасына бергенсұхбатында оқиғадан зардап шеккен ливандықтардың жағдайы соншалық ауыр емесекенін айтқан.
Ал, Иорданиясыртқы істер министрі Айман Сафади қазіргі уақытта иорданиялық жұмысшыларорналасқан қонақ үйге күзет қойылғанын айтқан.
Айта кету керек, ЛиванныңҚазақстандағы елшісі Жискар әл-Хури бүгін, яғни, 1 шілдеде Қазақстан сыртқыістер министрімен кездесіп, Теңіз кенішінде 29 маусымда болған оқиғаныталқыламақ.
Фото: inbusiness.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР