Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды

Еркежан АРЫН

11.06.2021, 10:23

1113

БҰҰ мәліметіне сәйкес, әлем әр үш секунд сайын орманның бір бөлігін жоғалтып отыр, қарапайым тілмен айтқанда, оның мөлшері футбол алаңының көлемімен тең. Өткен ғасырда адамдар әлемдегі сулы-батпақты жерлердің жартысын және планетаның коралл рифтерінің 50 пайызын жойып алған.

2021 жылдың маусымында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ-ның экожүйені қалпына келтіру онжылдығын бастады. Миллиард гектарларды (ормандар мен ауылшаруашылық жерлерінен – таулардың шыңдары мен теңіз тереңдігіне дейін) қалпына келтіру жоспарланып отыр. Ал Пәкістан биыл мерекенің ресми астанасына айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттерінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған хабарламасын жариялаған болатын: «Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ-ның экожүйені қалпына келтіру онжылдығы басталады. Қазақстан экологиялық проблемаларды шешуге ерекше назар аударады. Біздің алдағы онжылдық жасыл күн тәртібін алға жылжытуда үлкен жетістіктермен есте қалатынына сенімдімін», – деп жазды ол.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын 5 маусымда атап өтіледі. Мереке 1972 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 27-ші сессиясында қоршаған орта проблемаларына назар аудару және оны қорғауға саяси қызығушылықты арттыру мақсатында құрылған.

Кез келген адам Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің 2021 жылғы ресми сайтында #GenerationRestoration (Қалпына келтіруші ұрпақ) қозғалысына қосыла алады. Онда экожүйелер туралы және оларды қалпына келтіруге қалай үлес қоса алатынымыз туралы ақпаратты табуға болады.

Елбасы Н.Назарбаев 2002 жылғы қыркүйекте Йоханнесбург саммитінде орнықты даму – БҰҰ шеңберінде дүниежүзілік экологиялық проблемалар тізілімін құру туралы қазақстандық бастаманы ұсынған болатын. Тіркеуді экологиялық апаттарға қарсы іс-қимыл тетіктерін әзірлеудің негізгі құжаты ретінде ұсына отырып, оның мақсаты БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында әлемдік экологиялық ахуалдың тенденциялары туралы үнемі ақпарат алмасу болып табылған.

Қазақстан аумағында екі ірі экологиялық апат анықталды: жоғалып бара жатқан Арал теңізі және Семей полигонымен байланысты аумақтар. Осыған байланысты Қазақстан БҰҰ-да экологиялық мәселелерді үнемі көтеріп отырады: бұл проблемалар тиімді шешілумен қатар, қазақстандық тәжірибе немесе басқа елдің тиісті мәселелерді шешу тәжірибесіне деген сұранысқа ие болуы мүмкін.

Ариэль КОЭН, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы және Вашингтондағы Heritage Foundation қорының бұрынғы аға ғылыми қызметкері:

– Әлемге жаһандық сын-қатерлердің кілті болып табылатын жаңа дауыстар мен тың идеялар қажет. Тәуелсіздігін нығайту мен көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізу саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген салыстырмалы түрде жас мемлекет бола отырып, Қазақстанның БҰҰ кеңесіне берері көп, – дейді.

Әлемдік қауымдастық мемлекеттерінің экологиялық стратегияны әзірлеуі экономикалық даму мен экология мәселелерін бір уақытта шешуді білдіретін тұрақты даму тұжырымдамасына негізделгенін де ескерген жөн. Мемлекеттердің келісілген күш-жігері адами қоршаған ортаның біртұтас және ажырамас жүйесін ескере отырып, тұрақты дамуға әлемдік қауымдастықтың табысты ілгерілеуіне ықпал етеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39