Қазақстан ғылымын әлсіз ғалымдар жайлап алған

25.09.2019, 08:18

28

Айымгүл Керімрай – елде экология мәселелерін зерттеп жүрген саусақпенсанарлық жас ғалымдардың бірі. Шеффилд университетінің (Ұлыбритания)энергоэкологиялық инженерия саласындағы магистратурасын тәмамдаған соң,Н.Назарбаев университетінде ғылым және технология саласындағы PhD бағдарламасынаяқтады.  Қазіргі кезде Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінің постдокторанты. А.Керімраймен елдегіғылым мәселесі, ғылыми жобаларды қаржыландыру мен оның экология саласындағызерттеулері жөнінде әңгімелестік.

Ұлттық ғылыми кеңеске әлі де сенім аз

Айымгүл, жақындабілім және ғылым министрлігі жанынан құрылған жас ғалымдар кеңесінекіргеніңізді естідік. Қыркүйекте жас ғалымдар кеңесінің екінші отырысы өтпек.Бұл кеңестің мақсаты не? Онда нендей мәселелер көтеріліп жүр?

–Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған жасғалымдар кеңесінің негізгі мақсаты – мемлекеттің жас ғалымдарды қолдау саясаты,осы саладағы нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманы қарастырып, ұсыныстарәзірлеу. Бұл – кеңес беретін орган, біз қоғамдық негізде тегін жұмыс істейміз. Себебімұндай кеңес ауадай қажет. Өйткені, шыны керек, жас ғалымдардың мүддесі көп қорғалабермейді. Тіпті бұл кеңес құрылғанға дейін жас ғалымдар өздерін толғандыратынмәселені тек әлеуметтік желіде жазып жүретін. Қолымызда ықпал етуші тетіктерболмады.

Жас ғалымдар кеңесінің бірінші отырысына министрА.Аймағамбетов қатысты. Министр де, кеңеске қатысқан жас ғалымдар да көп мәселекөтерді. Докторантура, постдокторантура, ғылыми журналдар, диссертация менғылыми этика мәселесі бойынша топтар құрдық. Мен ғылыми этика мәселесіжөніндегі топқа кірдім.

Бұған дейінмәселемізді тек әлеуметтік желіде айтып жүрдік дедіңіз. Былтыр математик ғалымДурвурдхан Сұраған, басқа да ондаған ғалыммен бірге президент атына видеоүндеужариялап, ғылыми гранттарды бөлетін ұлттық ғылыми кеңеске сенімсіздікбілдіргеніңіз есте. Мұның арты үлкен дауға ұласты. Кей ғалымдар видеоүндеуденкейін қудаланғанын мәлімдеді.  Министрлікжанынан жас ғалымдар кеңесін құруға жас ғалымдардың осы белсенділігі түрткіболған жоқ па?  –Ол да мүмкін. Бірақжас ғалымдар кеңесін құрудың себептері көп сияқты. Сол видеоүндеуден кейінкөптеген жас ғалым ұлттық ғылыми кеңеске қатысты ұстанымын ашық білдіріп жүрді.Шынын айтқанда, ұлттық ғылыми кеңестің жұмысы жас ғалымдардың ашуын туғызды.Бір қарағанда бәрі заңды сияқты, бірақ іс жүзінде ұлттық ғылыми кеңес құрамынжасақтағанда нормативтік-құқықтық актілер бұзылды, ұлттық ғылыми кеңестерхалықаралық сараптамадан жоғары балл жинаған жобаларды емес, әлсіз жобаларғақаржы бөлді. Мықты жобалар не себепті қаржыдан қағылып, әлсіз жобаларғанеліктен ақша бөлгенін еш негіздемеді. Ақыр аяғында білім және ғылымминистрлігі ұлттық ғылыми кеңестің құрамы нормативтік-құқықтық актілерге сайжасақталмағанын мойындады. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі де осынымойындады. Дей тұрғанмен, екінші жағынан, ұлттық ғылыми кеңестің сондайшешімдер қабылдауға құқығы бар болып шықты. Яғни заң бойынша ұлттық ғылымикеңес қандай да бір жобаны қаржыландыру жөнінде шешім шығарғанда оны ешнегіздемеуге, себебін түсіндірмеуге құқылы. Былайша айтқанда, бұл легитимдіжемқорлық сияқты.

Ал ғалымдардың ғылыми жоба идеясын жазып шығып, зерттеудібірлесіп жүргізетін команда табуға  3-4ай, тіпті жарты жылы кетеді. Сонша уақытты сарп етіп жоба ұсынған соң, еңболмаса сын-ескертпе, пікір естісең, қанеки. Ұлттық ғылыми кеңес жобанықаржыландыруды былай қойып, жобаңа қатысты ешқандай пікір жазып бермейді.Мысалы, менің жобам халықаралық сараптамадан жоғары балл алды, бірақ ұлттық ғылымикеңес оған қаржы бөлмеді. Алайда оны неліктен қаржыландырмайтынын түсіндіретінбір ауыз сөз, бірде-бір сөйлем жазып бермеді.  Демек, ұлттық ғылыми кеңес халықаралықсараптаманың қорытындысын ескермейді. Ашу тудырған тағы бір нәрсе – ұлттықғылыми кеңес мүшелері түрлі саладағы жобаларды қарағанымен, олар сол саланыңмамандары емес. Ал бізде өте тар салада зерттеу жүргізетін ғалымдар бар.Мәселен, менің салам бойынша Қазақстанда небәрі бірнеше ғалым бар. Олардың өзіұлттық ғылыми кеңеске кірмеген. Сонда ұлттық ғылыми кеңес мұндай жобалардықалай бағаламақ? Міне, осы жүйенің дұрыс емес екенін министрлікке жеткізгімізкелді. Министрлік соңғы бір жылда біздің уәжімізге құлақ асқандай болып,нормативтік актілерге өзгеріс енгізді.

Сонда министрлік ұлттықғылыми кеңес жұмысындағы кемшіліктерді түзеді ғой? Әлде бұдан ештеңе өзгермедіме?

– Шынын айтқанда, ахуал баяу өзгеріп жатыр. Менің немесежас ғалымдардың ұсыныстары үнемі ескеріле бермейді, ескерілген ұсыныстан гөріескерілмеген ұсыныс көп. Ескерілген күннің өзінде, әрең назарға алынады.Айталық, ұлттық ғылыми кеңес енді ғылыми жобаларға балл қойып бағалайтынболыпты. Өз басым бұл жүйемен келіспеймін. Неге десеңіз, жобаларды онсыз дахалықаралық сарапшылар қарап, балл қойып бағалайды. Ал халықаралық сараптамадажобаны міндетті түрде сол саланың маманы қарайды. Бізде болса ұлттық ғылымикеңестің жартысы мемлекеттік қызметкерлер немесе бизнес өкілдері. Қалғаны ғалымдарболғанымен, мен зерттеу жүргізетін саланың мамандары емес. Сонда олар халықаралықсараптамадан өткен жобаға қалайша балл қоймақ? Бұл – бір жағынан, халықаралықсараптаманың нәтижесіне араласу. Екінші жағынан, жобаларды сүзгіден өткізіпталдаған халықаралық сараптамаға ақша төлейді де, елдегі ұлттық ғылыми кеңессол жобаға екінші рет сараптама жасайды. Ұлттық ғылыми кеңестің сараптамасыхалықаралық сараптамаға қарағанда нашар болатыны түсінікті. Халықаралықсараптама ғылыми жобамды бір ай бойы қарап, сын-ескертпесін жазып қайтарды. Солсын-ескертпемен келістім. Жобаны халықаралық сараптамадан өткізген маман «бұл –Қазақстан үшін айрықша маңызды жоба» деп қаржыландыруға ұсыныпты. Алайда ұлттықғылыми кеңес оны қаржыландырмай тастады, себебін де түсіндірмегендіктен,көңілім қалды. Менің ғана емес, жоғары балл жинаған басқа ғалымдардың да көңіліқалды. Ендігі жерде ұлттық ғылыми кеңес жобаларды қаржыландырмау үшін балдыәдейі төмендетіп тастамай ма, немесе керісінше, бір жобаны сүйрелеу үшін жобағажоғары балл қоюы мүмкін деген қауіп бар.

Сонда ғылымижобаларға мемлекеттің қаржысы әділетті бөліну үшін не істеу керек?

–Ол үшін ұлттық ғылыми кеңестің функциясын азайту керек.Меніңше, ұлттық ғылыми кеңес жобаға баға қоймауы тиіс, ол тек ғылыми жобалартақырыптарының бағыт-бағдарын анықтап, халықаралық сараптама берген балдарға сәйкесқаржыландыру керек.

Тағы бір қызығы, ұлттық ғылыми кеңес «халықаралықсарапшылар Қазақстандағы проблемаларды түсінбейді» деген уәж айтады. Олайболса, халықаралық сарапшылар ішкі жағдайды ұқпай, дұрыс емес балл қойғанжобаларды көрсетсін, біз оны оқиық, талдайық. Менің жобам тікелей Қазақстанхалқына қатысты болды, сондықтан ұлттық ғылыми кеңестің «Қазақстан мүддесінесай келмейтін жобалар кері қайтарылды» дегені бос сөз. Бұл – жобанықаржыландырмау үшін айтылған сылтау ғана.


     Қазақстан ауаның ластануын зерттеугенеге мүдделі емес?


Ұлттық ғылымикеңеске қандай жоба ұсынып едіңіз?

–Жобаны тапсырған уақытта бас қалада тұрып жатқандықтан,елордадағы ауаның ластануын, ауаны ластайтын көздерді зерттеп көрмек болдым.Өйткені қазір ауа қатты ластанған. Ауаны ластайтын заттарды анықтау үшінатмосферадағы қатты бөлшектерді химиялық сараптамадан өткізу керек. Ол үшінарнайы құрал-жабдық сатып алу қажет. Экологиялық зерттеу жасау арзанғатүспейді, ол үшін күнде ауадағы қатты бөлшектерді тексеріп тұру керек. Ауадағы қаттыжәне ұсақ бөлшектердің  сынамаларын күндежинап, химиялық құрамын талдаса, ауа көмір жағудан ластанып жатыр ма, әлдекөлік газынан ба, соны анықтауға болар еді. Зерттеу тұрақты және жүйелі түрдежүргізілуі тиіс. Бас қалада кей күндері ауаның ластануы өте жоғары көрсеткішкежетеді, бірақ бізде ауа неліктен ластанып жатқанын ешкім тексермейді. Осы күнгедейін ауаның ластану көздерін анықтайтын бірде-бір зерттеу жүргізілмеді. Астанағана емес, Алматыдағы ауа да мәз емес. Алайда жобамды ұлттық ғылыми кеңесқаржыландырмады.

Сонда Алматыдада, астанада да ауа неліктен ластанып жатқанын анықтаған зерттеу мүлде жоқ па?Жақында ақпарат құралдарында  «Алматыныңауасы көлік газынан емес, жылу электр стансасының кесірінен ластанып  жатыр» деген дерек оқыдым.

–Екі қалада да ауаның ластану көздерін анықтайтын сапалызерттеу жүргізілмеген. Зерттеу жүргізілмей, ауаны нендей көздердің ластапжатқанын дөп басып айту қиын.

Бірақ ауаныңластануы тікелей адам денсаулығына әсер ететін дүние.  Бұған қатысты зерттеудің осы күнге дейінжүргізілмегені Қазақстанның бұл тақырыпты зерттеуге мүдделі емес екенін көрсетеме?

–Білмеймін, бәлкім, ұлттық ғылыми кеңес мен ұсынғанжобаны оқымаған да шығар. Өйткені ұлттық ғылыми кеңеске келіп түскен жобаныңбәрін қысқа мерзім ішінде оқып шығу мүмкін емес. Асылы, жоба туралы өтініштібағалауға кемінде бір ай керек. Өйткені сол тақырыпты түсіну үшін әдебиеттіоқып түсіну қажет әрі мұның бәрін сол саланың маманы зерттеп, зерделеуі тиіс.

Білуімше, сізАлматыдағы Биосфера лабораториясында жұмыс істейсіз. Ол жақта қандай зерттеужүргізіп жүрсіз?

–Ауаның ластануы адам денсаулығы мен өлім көрсеткішінеқалай әсер ететіні жөнінде зерттеу жасадым. Яғни атмосфераны ластайтынзаттардың концентрациясын негізге алып, одан қайтыс болғандар мен ауырып қалғандарсанын анықтауға болады. Оны есептейтін арнайы әдістеме бар. Осы тақырыптағымақалам жақында халықаралық ғылыми журналдардың бірінде жарық көреді. Биосфералабораториясында жүріп, Алматыдағы ауаның ластануы туралы да зерттеу жасапкөрдім. Атап айтқанда, Алматының әр бөлігінде және әртүрлі уақытта ауаныластайтын заттардың құрамы қандай деген мәселеге үңілдім.

Ауаның ластануыадам денсаулығы мен өлім көрсеткішіне қалай әсер етеді? Білуімше, ауаныңластануы ел экономикасына да теріс әсер етеді екен...

–Иә, Дүниежүзілік банктің 2013 жылғы зерттеуінеқарағанда, Қазақстан ауаның ластануы кесірінен ішкі жалпы өнімнің 0,9 пайызынжоғалтатын көрінеді. Себебі лас ауадан адамдар ауырады, қайтыс болып жатады,демек, денсаулық сақтау саласына, дәрі-дәрмекке көбірек ақша жұмсалады. Ал бұлэкономикаға теріс әсер етеді.

Қысқасы, зерттеуімде Қазақстанның 21 қаласындағы өкперагы, жүрек ишемиясы мен тыныс алу жолдарының ауруы көрсеткішін  негізге алып, есептеу жүргіздім. Нәтижесіндеауаның ластануынан елімізде жыл сайын қайтыс болатын адамдар саны 100 мыңғаартты деген қорытындыға келдім. Бұл Еуропадағы көрсеткішпен салыстырғанда 8-9есе көп.


Ақша тек мықты ғалымдарға бөлінуі керек

Scimago Journaland Country Rank журналы ғылыми мақалаларда аттары ең көп аталатын, ғылыми жұмыстарынан ең көп үзінділер келтірілетін ғалымдарқай елдерде тұратынын анықтап, рейтинг түзіпті. 239 мемлекеттің ішіндеҚазақстан 236-шы орында тұр. Тіпті Қырғызстан, Түрікменстан бізді бұл рейтингтебасып озған. Демек, Қазақстан ғалымдарының еңбектері сұранысқа ие емес дегенсөз бе?

–Ұлттық ғылыми кеңес әлсіз ғалымдар мен жобалардықаржыландыра берсе, зерттеулер сапасыз болмағанда қайтеді?!  Бұған тоқтау салу үшін жемқорлықты жойып,ашықтықты қалыптастырып, зерттеулері сұранысқа ие болатын, шетелдік ғылымижурналдарға шығатын мықты ғалымдарды қаржыландыру керек. Сонда қазақстандықғалымдарға көп сілтеме жасалатын болады.

Әйтпесе кейбір қазақстандық ғалымдар «бізде мықты зерттеубар, бірақ ол құпия зерттеу, жариялай алмаймыз, өйткені халықаралық қауымдастықоны ұрлауы мүмкін» дейді. Шетелдік ғылыми журналға шықсаңыз, авторлық құқықсіздікі, оның бәрін дәлелдеу оп-оңай. Ғалымдардың мақаласы неліктен халықаралықжурналдарда жариялануы керек? Себебі кімнің мықты, кімнің әлсіз екенін анықтауүшін. Мықты ғалым жақсы зерттеу жасаса, оны міндетті түрде халықаралық журналғашығарады. Бірақ, жоғарыда айтып өткенімдей, қаржы жоқ жерде зерттеу жасау қиын.Үш жылдан бері жобаларым қаржыландырылмады, сондықтан мақала жариялау да қиын.

Алқаржыландырусыз зерттеу жасап, мақала шығару мүмкін бе?

–Иә,  бірақ ол үшінең болмаса айлық алып отыруың керек. Зерттеулеріне қаржы таппаған ғалымдарбасқа салаға кетіп жатыр. Қазақстандағы ғалымдардың зерттеулеріне неге көпсілтеме жасалмайды? Себебі көпшілігі ағылшын тілін білмейді, ал тіл білмесең,өз салаңда қандай зерттеулер жасалып жатқанын, нендей жаңалық ашылғанын, қандайәдістеме қолданылып жатқанын білу қиын. Қысқасы, зерттеушілерге ағылшын тіліноқыту керек. Соның өзінде ағылшын тілін білетін мықты маман бұл салада қала ма?Айталық, қазақстандық докторанттардың шәкіртақысы – 80 мың теңге. Ағылшынтіліне жетік, білімі бар адам осындай шәкіртақыға бола ғылымға бара ма? Әрине,ондай мамандар басқа салаға кетеді.

Өткендеәлеуметтік желіде жарияланған статистиканы көріп қалдым. Бақытжан Жұмағұловбілім және ғылым министрлігі басшылығынан кеткен соң, Қазақстандағы ғалымдарсаны күрт төмендепті. Мұның да себебі қаржыға келіп тіреле ме?

–Иә, меніңше, ғылымды қаржыландыру қатты қысқарды,зерттеушілер саны сол себепті азайды. Бұл – бір. Екіншіден, зерттеулердіңсапасын қалай көтеруге болатынына қатысты белгілі бір саясат жоқ. Ғылымдажалақы өте төмен. Осының бәрі, айналып келгенде, ғылымға теріс әсер етеді.

Дамыған елдердеғылым саласына ішкі жалпы өнімнің 3-4 пайызы бөлінеді, ал Қазақстанда ішкіжалпы өнімнің небәрі 0,14 пайызы ғана ғылымға жұмсалатын көрінеді. Бәлкім,қаржыландыруды көбейту керек шығар?

–Мұндай мәселе бар екені рас. Бірақ ашықтық болмаса,жемқорлық жойылмаса, қаржыландыруды көбейткеннен пайда болмайды. Сондықтан еңболмаса қазір қолда бар ақшаны мықты ғалымдарға бөлуді үйрену керек.

Бағанадан берімықты, әлсіз ғалым туралы көп айттық. Кімнің мықты, кімнің әлсіз екенін қалайанықтаймыз?

–Мықты ғалымның мақаласы беделді, сұранысқа ие,рейтингісі жоғары журналға  шығады. Ондаймақалалардың саны неше, ғалым еңбегіне қанша мәрте сілтеме жасалған, Хиршиндексі қандай деген мәселелерге назар аудару керек. Егер ғалым халықаралықбеделді журналға көп шықса, онда ол өз саласын жақсы біледі деген сөз. Алғалымның еңбектері тек Ресей немесе қазақстандық журналдарға ғана шықса, бұлбелгілі бір күдікке жетелейді. Ел ішіндегі немесе Ресейдегі журналдарға мақалашығаруға кеңес бермеймін, себебі ол халықаралық базаға кірмейді. Демек, оныхалықаралық қауымдастық көрмейді. Олай болса, сырттағы жұрт көрмейтін журналғашығудың не керегі бар?

Хирш индексі,халықаралық журналға шығу демекші, министрлік жанынан құрылған жас ғалымдаркеңесіне кімдердің кіргенін зерттеп шыққандар көп болды. Әлеуметтік желідекеңеске кірген кей әріптестеріңіздің халықаралық журналда жарияланған мақаласыда, Хирш индексі де жоқ болып шықты. Бұған не дейсіз? Әлде кеңес үшін бұлмаңызды емес пе?

–Меніңше, бұл ғылыми кеңеске өз саласындағы ең үздік,халықаралық деңгейдегі тәжірибесі бар ғалымдар кіруі керек. Өйткені біз ғылымдыхалықаралық деңгейде дамытып, әлемде бәсекеге қабілетті ел болайық деген мақсатқойдық. Олай болса, мықты ғалымдарды іріктеу керек. Ол үшін ғылыми кеңескеіріктеудің нақты талаптары болуы тиіс. Қазіргі кезде кеңеске іріктеудің талаптарыанық емес, ғылыми атағы бар ма, мақаласы шыққан ба дегендей дүниелерге ғанақарайды. Ал критерийлер анық болмаған жерде жемқорлыққа қатысты күдік туады.Бұл біреулер басқа адамдардың мүддесі үшін кеңеске әдейі кіргізілген шығардегендей дүдәмал, күмәнді ойларға жетелейді. Сондықтан ұлттық ғылыми кеңестіашық болсын деп сынадық па, олай болса, жастар кеңесі де ашық болуы тиіс. Оғантәжірибелі, жарияланымдары бар мықты мамандар іріктелсін.

Бағанадан бері мықты, тәжірибелі ғалым туралы сөзқозғадым. Неге десеңіз, мұндай ғалым зерттеу саласындағы бүкіл нәрсені өзбасынан өткерді деген сөз. Ондай адамның ғылыми жобаны ұлттық ғылыми кеңескеұсыну, зерттеу жүргізу жөнінен тәжірибесі бар. Ал кеше ғана докторантурағатүскен, мұны басынан өткермеген, зерттеу жасап көрмеген адам жас ғалымдардыңкеңесінде нендей ақыл-кеңестер бермек? Сондықтан мұндай адамдар әуелізерттеумен айналысып, нағыз сарапшыға айналуы керек. Ғалымдардың халықаралықжурналдарда жариялануы өте маңызды, бірақ білім және ғылым министрлігінің ғылымкомитеті ғылыми жарияланымдар, оларға сілтеме жасау мен Хирш индексін жетебағаламайтын, тіпті оның қаншалықты құнды екенін түсінбейтін сияқты. Мәселен,беделді журналдарға мақалам шыққан мені журналда бірде-бір мақаласыжарияланбаған адамдармен бір қатарға қояды.

Мұның бір себебібілім және ғылым министрлігінде ғылым саласының адамдары аз болғандықтан шығар?

–Онда жұмыс істейтін адамдардың ғылыми дәрежесі барболғанымен, бір күні ерінбей сол адамдардың ғылыми базада жарияланымдары барма, соны тексеріп шықтым. Көпшілігінің мақаласын таппадым. Өз саласыныңмаманына айнала алмаған, ғылым саласында жұмыс істемеген адамның бұл саланытүсінуі қиын. Кәсіпкер де, менеджер де ғылым саласын жете түсіне алмайды.Қызығы, әлемдегі көптеген саясаткерлердің Хирш индексі бар. Мәселен, БаракОбамада, Ангела Меркельде Хирш индексі бар. Саясатқа ғылымнан келген дұрыс,өйткені ғалым дүниетанымы бөлек, ол сыни тұрғыдан пайымдай алады, оны алдапсоғу қиын. Мәселен, Чилиде лауазымды қызметте академиялық салада мықты білімі ментәжірибесі бар адамдар отыр.

Бізде де көптегеншенеуніктердің ғылыми дәрежесі бар. Мәселен, Д.Назарбаева тарих ғылымыныңкандидаты. Бірақ ол шенеуніктердің бәрі бірдей саясатқа ғылымнан келмегенітүсінікті. Бұл жерде таяқтың екі ұшы бар сияқты...

–Иә, сол себепті елдегі бүкіл кандидаттықдиссертацияларды плагиатқа тексеріп шығу керек деген ұсыныс көтердім. Егерплагиат анықтасақ, оны жазасыз қалдыруға болмайды. Аты бар да, заты жоқғалымдар көбейген жерде ғылым өркендемейді.


Қазақстан отын-су кедейшілігінен қайтсе арылады?


Сіздің отын-сукедейшілігі жөнінде бірқатар зерттеуіңіз бар. Зерттеуіңізге қарағанда,Қазақстан отын-суы кедей мемлекеттердің қатарында…

–Иә, егер елдегі халықтың 40 пайызы кеміне жылына бір реткөмір қолданса, бұл отын-суы кедей ел болып саналады. Бізде бұл көрсеткішбірте-бірте төмендеп жатыр. Өйткені тұрғын үйлер біртіндеп газға қосылып жатыр.Дей тұрғанмен бұл процесс жылдам жүрсе дейсің.

Қазақстан әлем елдері бойынша көмірді ең көп пайдаланатынелдердің қатарында.

Көптеген елдеркөмірден әлдеқашан бас тартып, экологиялық отын түрлеріне көшті. Қазақстанкөмірден бас тарта ала ма?

–Меніңше, көмірді пайдалануға тыйым салып, біртіндеп газбен электр жүйесімен жылытуға көшкен дұрыс. Көпшілік бұған қарсы, елдегішахтерлер жұмыссыз қалады, бұл қымбатқа түседі деген уәж айтады. Қымбатқатүсетіні рас. Газ құбырын салу да арзан емес. Дей тұрғанмен ауаның ластануынанқаншама адам ауруға шалдығып, қайтыс болатынын да есепке алу керек. Сондықтан«көмір арзан, газ қымбат» дегенде, көмірден келетін зиянды есепке алмайды. Газқұбырын тарту қымбатқа түссе де, ол келешек ұрпаққа қалатын, инфрақұрылымғажасалған инвестиция. Польша көмірді пайдаланудан бас тартқанда, шахтерлердібасқа мамандыққа оқытты. Сондықтан көмірден басқа отын түріне көшу мемлекеткөмегімен жасалуы керек.

Әлбетте, мәселе үкіметтің араласуынсыз шешілмейді. Көміршахталарын жауып тастап, оны қолдануға тыйым салу үшін саяси ерік-жігер керек.Көмір жағуға тыйым салынса, үкімет елдегі табысы төмен отбасыларға газ тартуғакөмектесуі тиіс. Көмірден бас тартқан көп ел солай жасаған. Егер үй шаруашылығытабыстың 10 пайызынан астамын энергияға жұмсаса, онда ол отын-су жағынан кедейболып саналады.

Бізде энергияғаодан да көп ақша жұмсалатын сияқты, өйткені халықтың өмір сүру деңгейі төмен.

–Менің зерттеуіме қатысқандардың 17 пайызы отын-суғатабысының 10 пайызынан көп сомасын жұмсаған. Олар газды емес, көмірдіпайдаланған. Енді мына қызықты қараңыз, көмірдің бағасы арзан болғанымен,жеме-жемге келгенде, үйін көмірмен жылытатындар газ тартылған аймақтардакөгілдір отынмен жылытатындарға қарағанда отын-суға көбірек ақша жұмсайды. Негедесеңіз, газдың бағасы реттеледі, ал көмірдікі реттелмейді. Оның үстіне көмірбағасына оны тасымалдау құны, араағайындардан сатып алу тәрізді көптеген факторәсер етеді.


Әңгімелескен Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

Фото: livingasia.online






Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52