Қазақстан халқы қартайып барады

Сайт әкімшілігі

02.10.2020, 07:19

1689

Қазақстанда қарттардың үлесі артқан. Бұл туралы ЮНФПА (БҰҰ Халық қоныстану қоры) зерттеуінде жазылған. 

ЮНФПА мәліметіне сәйкес, Қазақстан демографиялық қартаю процесінің бастапқы сатысында тұр. 

БҰҰ классификациясы бойынша егер қоғамда 65 жастан асқан және жасы одан жоғары адамдардың үлесі 7 пайыздан асса, онда қартаю процесі жүріп жатқанын көрсетеді.

"Қазақстандағы демографиялық жағдай егде жастағы адамдардың үлесінің ұлғаюымен сипатталады, 2019 жылдың басында 60 жастан асқан халық үлесі елдегі барлық халықтың 11,6 пайызын, 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7,5 пайыз болған еді. Мемлекет демографиялық қартаю процесінің бастапқы сатысында тұр. Өңірлердің жартысында қартаю процесіне тән 7 пайыздық шек айтарлықтай еңсерілген", — дейді Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы БҰҰ қорының халық қоныстануы, дамуы және гендері мәселелері жөніндегі жобаның ұлттық үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова.

Оның айтуынша, елдің солтүстік-шығысында және Орталық Қазақстанның бір бөлігіндегі жағдай Еуропа елдерімен ұқсас. Бұл халықтың шамалы табиғи өсуі және эмиграциямен байланысты. Ал республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде, әрі Нұр-Сұлтанда бала туудың өсуі байқалады, нәтижесінде бұл көрсеткіш төмен.

Ерлер мен әйелдер санының диспропорциясы, әсіресе қартайғанда анық байқалады. Әлемде жасы үлкен адамдардың басым бөлігі әйелдер болып саналады. Қазақстандағы жағдай осыған ұқсас. Мұнда әрбір жасы 60-тан асқан және одар жоғары әрбір 100 әйелге осы жас тобындағы 62 ер адам келеді.

Еске салайық, "Қазақстан қартайып барады, Үкіме тмұны сезініп отыр ма" деген тақырыпта «Жас Алаш» бұған дейін де жазған болатын. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәлік ОТАРБАЕВ 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ
Сайт әкімшілігі 10:33
Қазақстанның 8 өңірі "қызыл" аймаққа енді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 13.04.2021, 09:44
Итке неге «иттік» жасадық?
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды

Аңдатпа


  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16