Қазақстан халқының 50 пайызы айына 100 мың теңгеден аз жалақы алады

26.11.2019, 13:50

64

Қазақстандықтардың50 пайызға жуығы айына 100 мың теңгеден аз жалақы алады. Бұл жөніндеkaztag.kz басылымы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріБіржан НҰРЫМБЕТОВКЕ сілтеме жасап хабарлады.

БіржанНұрымбетовтың сөзінше, қазақстандықтардың 50 пайызға жуығының айлық жалақысы100 мыңға жетпейді. Осыған байланысты зейнетақы жинақтарына түсетін қаржыныңкөлемі де аз.

«Зейнетақы қорларында қаржының аз болуына себептер өтекөп.  Біріншіден, халық табысының аздығы.Қазір ел бойынша орташа жалақы мөлшері 182 мың теңге. Оның ішінде жұмысістеушілердің 74 пайызы 181 мың теңгеден аз айлық алады. 50 пайызының айлықжалақысы тіпті 100 мың теңгеден де төмен. Сол себепті табыстың аздығы зейнетақыжинақтарына да әсер етуде», — деді министр.

Бұдан бөлек,Нұрымбетов зейнетақы қорындағы қаржының аздығына көлеңкелі экономиканың әсерібар екендігін айтты. Оның сөзінше, орта, шағын бизнес өкілдері жалақынықолма-қол береді және тиісті аударымдарды уақытылы жасамайды. Қазір жұмыс берушілердыңзейнетақы аударымдары бойынша берешегі 3 триллион теңгеге жеткен.

Қыркүйек  айында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына жолдауында үкіметке зейнетақы жинақтарының бір бөлігін білім немесепәтер сатып алуға жұмсау мәселелерін қарастыруды тапсырған. Кейіннен Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жыл соңына дейін ҰлттықБанкпен бірге аталмыш мәселеге байланысты тиісті құжаттар қабылдайтынын айтқан.

Фото: kaztag.kz 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сағындық ОРДАБЕКОВ 13:59
«Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
Қарлығаш Зарыққанқызы 09:37
Covid-19: Вакцина қауіпті ме, мифке сенеміз бе, әлде министрге ереміз бе?!
Әділ КЕМЕҢГЕР 09:27
"Әділ жалақы" төленіп жатыр
Сайт әкімшілігі 20.01.2021, 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 20.01.2021, 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 20.01.2021, 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15