Қазақстан мен Қытай арасында 6 млрд теңгелік келісім-шарт дайындалуда

18.07.2019, 01:20

6

Қазақстан қыркүйекте Қытаймен құны 6 миллиард теңгеден асатын келісім-шартқа қол қояды. Бұл туралы Жас АЛАШ zona.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Қытайға жасаған сапары нәтижесінде осы жылдың 11-12 қыркүйегінде аталған келісімге қол қойылады. Суперкомпьютердің құны 109,66 миллион юаньға (6114,6 миллиард теңге) түскен. Ал, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы келісімге негізгі жауапты деп бекітіліпті. 

Сонымен, суперкомпьютердің атқаратын міндеттері мынадай: университеттің негізгі қызметіне жоғары технологиялық есептеу (мұнай-газ өнеркәсібі, биотехнология, модель мен дауысты тану, машиналық аударма, машиналық көру, физикалық процесстер, молекулалық нанотехнология процесстері, астрономиялық үдерістер, энергетика, ауыл шаруашылығы, геодезия, қашықтан басқару); кибершабуылды модельдеу міндеттері;  есептеу машиналарын оқыту үдерістерін басқару және ұйымдастыру.

Айта кетейік, бұл бүгін ғана төбеден түскен жаңалық емес. Бұдан бұрын бұл «суперкомпьютердің» мәселесін экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ та қозғап еді. 2017 жылы Ақорданың ресми сайтындажарияланған деректе:

«Келіссөз барысында Мемлекет басшысы бүгінде Қытай Қазақстанның негізгі сыртқыэкономикалық серіктестерінің бірі болып отырғанына тоқталып, дипломатиялық байланыстар орнаған сәттен бергі 25 жыл ішінде экономиканың түрлі секторларындағы екіжақты қатынастарды дамытудың нәтижелерін атап өтті», — деп, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша құжаттар тізімі жарияланған. Әрине, олардың қатарында "Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы суперкомпьютер ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум" да бар.

Фото: azattyq.org

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34