30.09.2020, 06:35
259
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің Атқарушы дирекциясының мәліметі бойынша, тек жеті еуропалық мемлекет Сирия мен Ирактағы өз азаматтарын қайтарып алу шараларын жүргізген, олардың басым бөлігін балалар құрайды. Алайда көпшілік мемлекеттер азаматтарын қайтару операциясынан бас тартып қана қоймай, олардың тәуелсіз қайтып келуіне жол бермеу үшін халықаралық террористік топтарға қосылған азаматтарды азаматтығынан айыру шараларын қабылдаған.
Қазақстан әлемдегі өз азаматтарын қақтығыс аймағынан эвакуациялаған және оларды қалыпты өмірге қайтару үшін белсенді жұмыс істейтін санаулы мемлекеттердің біріне айналды. Мұнда әлем бойынша ең көп азаматтар — 600-ден астам адам еліне қайтарылғанг.
Сонымен, Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға орасан зор бюджет бөлінген — бес жыл ішінде шамамен миллиард доллар. Тиісінше, бұл мәселеде алға қарай ілгерілеу де байқалады. Мұның нәтижесі — террористік актілердің алдын-алу туралы есептер, жүздеген адамдардың өмірін сақталынып қалуы.
«Азия Групп» қоғамдық қорының директоры (Қырғызстан), экстремизм мен дерадикализацияның алдын-алу саласындағы сарапшы Юлия Денисенко:
— Орталық Азия мүфтилері мен парламентшілерінен бастап терроризм үшін сотталған тұтқындарға дейін кең аудиторияға арналған көптеген жобалар, фильмдер, конференциялар болып жатады. Біздің серіктестеріміздің қатарында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» бар. Сонымен қатар, Қазақстанда біздің ресми серіктестеріміз — «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ жұмыс істейді, — дейді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР