Қазақстан өз азаматтарын соғыс аймақтарынан қайтаратын санаулы елдердің бірі

Сайт әкімшілігі

19.08.2020, 23:30

400

Осы жылдың басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері террористік шабуыл жасауға дайындалып жатқан Алматыдағы деструктивті діни ағымның екі жақтасын залалсыздандырған болатын.

2019 жылдың соңында Қазақстан терроризмнің жаһандық индексінде салыстырмалы түрде қауіпсіз ел болып танылды, 138 елдің ішінен 85-орынға ие болды. Бір жыл ішінде республика 10 сатыға көтерілді. Зерттеуді Австралия экономика және бейбітшілік институтының халықаралық сарапшылар тобы жүргізді. ТМД елдері арасында Түркіменстан мен Беларусь террористік шабуылдар қаупі тұрғысынан ең қауіпсіз болып танылды. Бұл елдер рейтингтің соңғы 138-ші қатарында орналасқан.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың қаңтарында Қылмыстық кодекстің 255-бабы «Терроризм актісі» бойынша істер болған жоқ, бірақ тоғыз іс «Терроризмді насихаттау немесе қоғамдық пікірлерді насихаттау», «Терроризм актісін жасау», «Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге немесе экстремизмге қатысу», сондай-ақ «Террористік немесе экстремистік оқудан өту» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Өткен жылы «Терроризм актісі» бабы бойынша төрт іс қаралды. Терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстар үшін барлығы 140 адам сотталды.

Терроризмге қарсы күреске республикалық бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінген. Бұл сома профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды, қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды және құқық қорғау органдарын заманауи технологиялармен жарақтандыруды қамтиды. Қазақстан өз азаматтарын соғыс аймақтарынан қайтаратын санаулы елдердің бірі. Елде теологтар мен психологтар деструктивті діни ағымның жақтаушыларымен жұмыс істейді. Бұрынғы радикалдарға қоғамның қалыпты өміріне келуіне көмектесуде. Өткен жылы 907 адам радикализация курсынан өтіп, содан кейін олар өз көзқарастары мен идеологиясын барынша өзгертті.

Еркежан АРЫН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:15
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Сайт әкімшілігі 10:02
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты
Сайт әкімшілігі 08:52
Коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 08:32
Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр
Мариям МАҚСАТ 26.11.2021, 16:00
Өлім мен өмір арпалысынан өтіп жүр
Сағындық ОРДАБЕКОВ 26.11.2021, 10:40
Дәрігерлер кімге «жем» болып жүр?

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30