Қазақстан полициясы сервистік модельге көшуде

Еркежан АРЫН

23.09.2020, 10:24

121

Халықаралық тәжірибеде «сервистік полиция» немесе "қызметтік полиция" ұғымы қабылданғвн: «қызметтік полиция дегеніміз — полиция жұмысында қоғамға бағытталған көзқарас — басқару стилі, проблемаларды шешуге және қоғаммен серіктестікке бағытталған ұйымдастырушылық стратегия».

Осы стратегия шеңберінде полиция өз қызметінің тиімділігі және белгілі бір аумақта тұратын тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелерінің басымдығы туралы халықтың пікірін ескере отырып, қоғаммен тығыз өзара әрекеттестікке, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған белсенді жұмыс моделін басшылыққа алады.

Қызметтік-бағдарланған полиция — бұл полиция мен қоғамның қылмысқа қарсы күрес, құқық қорғау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін үлгісі. Оның негізі екі басты компонентке негізделген: полицияның тәжірибесі мен практикасын өзгерту және полиция мен қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас құру үшін шаралар қабылдау.

Бұл модельдің мәні қоғамдастық мүшелерінің қауіпсіздік проблемаларын анықтау процесіне белсенді қатысуы болып табылады. Азаматтардың белсенділігі шеңберінде қылмыстың алдын-алу және қылмысқа қарсы күрестің кеңейтілген көрінісі айқындалмақ, бұл бүкіл полиция күшінің жұмысына терең өзгерістер әкеледі.

Тиімді болу үшін бұл тәсіл барлық полиция қызметтері тарапынан да, өзара іс-қимылдың нәтижелері мен оның осы үдерістегі рөлін көретін қоғам тарапынан да мақсатты қолдауды білдіреді.

«Полиция қызметінің моделінің» негізін сипаттауға болатын негізгі қағида: полиция — бұл халық, ал халық — полиция.

«Қазір Қазақстан өзінің ұлттық моделін құру кезеңінен өтіп жатыр. Біз полиция - азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесетін және қызмет көрсететін сала деген ұстанымдамыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің «сервистік» форматына көшу үшін өткен жылдан бастап Қарағанды ​​облысында пилоттық жоба басталды. Оның мақсаты — қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде жергілікті қоғамдастықпен серіктестік байланыс орнату. Жақын арада дәл осы жоба елордада жұмыс істей бастайды», — деді ІІМ кадрлық саясат басқармасының бастығы Айдар Саитбеков жаңа жағдайдағы полиция туралы мәселені талқылау барысында. Отырыс ІІМ Алматы академиясының базасында өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен бірлесіп «Демократиялық полицияның сервистік-бағдарланған моделі» жобасын жүзеге асырудың үстінде.

Жоба қоғамдық қауіпсіздік және қызметке бағдарланған полиция стандарттары саласындағы ведомствоаралық серіктестік моделін енгізу арқылы Қазақстандағы ішкі істер органдарының жүйесін дамытуға бағытталған.

Осы жоба аясында Құқықтық саясатты зерттеу орталығының қолдауымен Алматы академиясының және Алматы полиция департаментінің басқарушы құрамына «Жобаларды басқару негіздері: принциптері, процестері мен әдістері» тақырыбында тренингтер ұйымдастырылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды
Сайт әкімшілігі 12:20
«100 нақты шара». Nur Otan жастарға қандай қолдау көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 10:02
Абайлаңыздар, Алматы қызыл аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 09:39
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны артты
Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32