25.12.2020, 11:30
958
Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел.
25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан. «Сары» аймақта — Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер «жасыл» аймақта.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан «жасыл» аймақта болған еді.
Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 150 198-ге жетті.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР