Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды

Сайт әкімшілігі

27.05.2022, 14:00

2007

Шетелдік азаматтар үшін ЖСН алу Қазақстанда әзірше мүмкін емес. Egov.kz сайтында қызметке тапсырыс берген кезде "қызметті қайта қосудың жоспарланған күні – 2022 жылдың 1 қазаны" деген хабарлама шығады.

Мамыр айының басынан бері қызмет көрсету ережелеріне өзгерістер енгізіледі деп жоспарланған болатын – енді шетелдіктер ЖСН-ді eGov электрондық үкімет порталы арқылы сенімхат бойынша ала алады.

«Шетелдік азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚО) ала алады. Шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін алу қызметі еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді», — деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан ЖСН-ін алған Ресей мен Украина азаматтарының саны бірнеше есеге өскен.

ҚР ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жеке сәйкестендіру нөмірін 35 782 ресейлік алған және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есе көп. Сонымен қоса 637-сі украиналықтар, өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп алған.

Шетелдік азаматтарға ЖСН мемлекеттік органдарға жүгіну және банк шоттарын ашу үшін қажет. Оны басқа елдің азаматы бола тұрып алуға болады. ЖСН тұрақтап қалуға рұқсат немесе азаматтық ретінде саналмайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
М.СӘУЛЕБЕК 22.06.2022, 16:50
Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33