Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына өтуі мүмкін

Сайт әкімшілігі

12.07.2021, 08:13

2353

Мұндай шешім бірнеше жылғы тәжірибеден кейін қабылданды. Зерттеу нәтижелері бойынша, мұндай өзгерістен қызметкерлердің жұмыс сапасы төмендемегені анықталған. Қазақстан қысқартылған жұмыс аптасына өтуі мүмкін бе?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданыстағы еңбек заңнамасы бойынша, егер жұмыс беруші қарсы болмаса, аптасына төрт күн жұмыс істеу мүмкіндігі бар. 

«Еңбек шартын жасасу кезінде, сондай-ақ, еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім бойынша жұмыскерге толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің саны қысқаруы белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу еңбек қатынастары тараптарының келісімі бойынша шешіледі.

Төрт күндік жұмыс аптасы белгіленген жағдайда жұмыс берушінің де, қызметкердің де еңбек заңнамасында көзделген барлық құқығы мен міндеті сақталады. Осыған байланысты Еңбек кодексіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етілмейді, себебі ол қолданыстағы еңбек заңнамасымен регламенттелген», – деді ведомство өкілдері.

Тегтер: еңбек нарығы жұмыс беруші мәселе тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 12:05
Жастарды қолдау маңызды
Бифат ЕЛТАЕВА 10:00
Аралас мектептен «адасқан» бала шығады
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56