Қазақстан ұраны: Бейбітшілік пен даму үшін келісімді нығайту

Сайт әкімшілігі

30.03.2021, 17:12

143

Қазақстан үнемі бейбітшілік бастамаларының негізінде жүретін меилекет екені барлығына белгілі.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызмет саласындағы саясатын жоғары бағалайды. Бұған біздің мемлекетіміздің бірқатар бастамалары, соның ішінде Ирак, Батыс Сахара, Ливан және Сириядағы миссиялары ықпал еткені анық. Бүгінгі бейбітшілікті орнатудағы Қазақстанның рөлін бағаламау қиын. Жалпы, біздің еліміз осы ел ішіндегы, шет жақтағы да қақтығыстарды тоқтату және бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үдерісіне белсенді қатысады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберди «Азия жүрегі — Ыстамбұл үдерісі» атты 9-шы министрлер конференциясына «Бейбітшілік пен даму үшін келісімді нығайту» ұранымен қатысты. Ыстамбұл процесінің форматы — бұл Ауғанстанда және тұтастай алғанда аймақта бейбітшілік пен өркендеу орнату үшін саяси диалог пен аймақтық ынтымақтастық алаңы.

Бұл конференцияға Әзірбайжан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан сыртқы істер министрліктерінің басшылары және БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушылар аймақтық қауіпсіздік және Ауғанстан жағдайындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Іс-шара нәтижесінде Душанбе декларациясы қабылданды, онда жалпы сынақтарға қарсы тұрудың және Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың тиімді тәсілі ретінде аймақтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді. Ыстамбұл процесі аясында М.Тілеуберди Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамовпен, Үндістан Субраманиам Джайшанкармен, Өзбекстан Абдулазиз Камилов, Пәкістан Махмуд Куреши және Тәжікстан Сирожиддин Мухриддинмен екіжақты келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, кездесулер барысында біздің ел мен осы мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен болашағы талқыланды.

Қазақстан Ауғанстан мемлекетіне үнемі халықаралық ұйымдар шеңберінде қолдау көрсетіп тұрады және Ауғанстан мәселесін үш тәсіл негізінде шешуге болатынына сенімді: қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігі, қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудегі аймақтық көзқарас, сонымен қатар, халықаралық деңгейлерін арттыру мақсатында БҰҰ құрылымдары мен басқа да донорлардың гуманитарлық көмектерімен үйлестірілген кешенді және аймақтық даму стратегиясын қабылдау.

Осындай шаралардың барлығы елдің халықаралық аренадағы мәртебесін асыра түседі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:03
"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы
Сайт әкімшілігі 12:35
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды
Әділ АҚЫЛБАЙ 10:19
Веложарыс: Сағынтаев бұл қайткенің?
Еркежан АРЫН 09:51
Волонтерлік – Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа түрі
Қонысбай АҚПАН 12.05.2021, 08:07
Қонаев болсын, басқа болсын, күйе жақпайық
Сайт әкімшілігі 12.05.2021, 07:32
Марат Бәйділдаұлы, жазушы-публицист: Мәңгілік алау да мәңгілікке өшер

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06