#Qazaqstan30: Алматы облысының тумасы велосипедпен 3000 км жүріп өтті

Еркежан АРЫН

10.06.2021, 17:30

371

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік ұрпағы» жалпыұлттық жобасы аясында Алматы облысының тумасы Алмат Балтабеков елордадан Талдықорғанға велосаяхат жасады. 7 облысты жүріп өткен велосипедші 34 күнде 3 мың шақырымды еңсерді.

Талдықорғандықтар велошеру аясында еліміздің қалалары мен елді-мекендерін, соның ішінде Нұр-Сұлтан, Қорғалжын, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Жетісай, Тараз, Алматы және Талдықорғанды кезіп өткен жерлестерін қуана қарсы алды. Қалаға кіре берістен «Жастар» саябағына дейін оны туыстары, достары, жолдастары және басқа велосипедшілер велосипедпен күтіп алды.

Алмат Балтабеков айтқандай, ол бұрын автокөлікпен жүруді ұнатқан, содан кейін ішкі туризмді дамыту және спортты қолдау мақсатында осындай патриоттық велотур жасау туралы ой келді.

— «Мен еліміздің өңірлерін аралап жүріп, жергілікті тұрғындармен сөйлесуге, табиғи көрікті жерлерді көруге, еліміздің 30 жылдық тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көруге тырыстым. Өзімнің алған әсеріммен әлеуметтік желідегі парақшамда бөлісіп отырдым. Мен өзіміздің қазақ халқының қонақжайлылығына қуанып, шабыттандым. Мен қай жерде болмасам да, мені барлық жерде жылы шыраймен және жылы жүзбен қарсы алды. Тіптен бейтаныс адамдар үйлеріне шақырып, ең құрметті қонақ ретінде қарады », — деп атап өтті А.Балтабеков, ол астана жастары атынан Алматы облысы жастарының символикалық мүсіншесін ұсынып, қолдау көрсеткені үшін облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына алғысын білдірді.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының хабарлауынша, велотурдың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен ішкі туризмді дамыту. Осындай мерейтойлық дата аясында осындай патриоттық акцияларды қолдау — бұл жас ұрпақтың тәрбиесіне қосқан маңызды үлесі. Алмат Балтабеков Жетісу университетін бітірген. І.Жансүгірова «Психология» мамандығы бойынша Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында студенттік практикадан өтіп, қазір Нұр-Сұлтандағы Психикалық денсаулық орталығында жұмыс істейді.

Тегтер: #Qazaqstan30

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:40
Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
Сайт әкімшілігі 18.05.2022, 12:15
Ташкентке Алматыдан пойыз қатынайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 18.05.2022, 06:15
Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
Жарас КЕМЕЛЖАН 17.05.2022, 12:40
Қазаққа кім қымбат?
Сайт әкімшілігі 17.05.2022, 10:30
Тілдің болашағы талқыланды
Жарлы БАЙҒАНИН 17.05.2022, 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»

Аңдатпа


  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17
  • Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
    18.05.2022, 06:15
  • «Құдай маған форточкадан береді»
    17.05.2022, 05:08
  • Халықты тонаудың бір әдісі
    17.05.2022, 05:13