#Qazaqstan30: Президент тапсырмасы жоғары деңгейде орындалуда

Сайт әкімшілігі

10.11.2021, 11:05

635

Алматы облысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша тапсырмалары жоғары дәрежеде орындалып жатыр. Президент тапсырмасын орындауға бағытталған шаралар, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы күн тәртібінен түспейтін мәселелер қатарында. Сондай-ақ Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы халықтың әлеуметтік қорғалуына кепілдік беретін, өмір сүрудің жоғары сапасы мен адам әлеуетінің толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарланған мемлекет болып табылады.

Облыс бойынша әлеуметтік қорғау саласында 6 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тиімді дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Ағымдағы жылы әлеуметтік қорғау саласының бюджеті 48 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде 22 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінсе, 2022 жылға жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі 6 млрд. теңгеге ұлғаяды.

Облыстың әлеуметтік қорғау саласында халыққа 400 мыңнан астам адамды қамтитын 45 түрлі әлеуметтік маңызды қызмет көрсетілетінін атап өту қажет, бұл облыс халқының 20 пайызын құрайды. Экономикалық белсенді халық саны соңғы 10 жылда 1,4 есеге ұлғайып, бүгінде 1 023,2 мың адамды құрады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендеді. Облыста «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары, сондай-ақ жеке бастамалар шеңберінде «Eurasian green product» ЖШС, «Pure Pack» ЖШС, «ЗАВОД АЛМАТЫ ТУРМЫСТЫК ТЕХНИКА» ЖШС, «Dostyk Trans Terminal» ЖШС және т.б. жобалар іске асырылуда. Нәтижесінде облыста 50 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 26 мың тұрақты жұмыс орны.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 57,1 мың адам қамтылды, жалпы сомасы 4181,4 млн. теңгеге 853 шағын несие, 902,5 млн. теңгеге 1547 грант берілді. Көп балалы аз қамтылған отбасылар қатарындағы халықтың неғұрлым осал топтарын жұмыспен қамту шараларымен неғұрлым көп қамтуды қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы ауылдық елді мекендерде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары мен мобильді пункттер ұйымдастырылады. Мобильді жұмыспен қамту орталықтары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 автокөлік сатып алынды, ал жыл соңына дейін тағы 7 автокөлік сатып алу жоспарлануда.

 2022-2023 жылдар ішінде Жұмыспен қамтудың мобильді пункттері Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларын қамтитын болады. Ағымдағы жылы ҚР-да халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекемелерінің құрылғанына тура 10 жыл толды. Бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы әлеуметтік саясатты іске асыруға және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Алматы облысында 366 адамнан тұратын 20 халықты жұмыспен қамту орталылықтары жұмыс атқаруда.

 Облыста халыққа әлеуметтік көмек көрсету де басты назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау аясында 168,2 мың азамат 12,4 млрд. теңге сомасына түрлі әлеуметтік көмек алды.

Биыл 19209 отбасына жалпы сомасы 10,4 млрд. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді және балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар берілді. Оның ішінде мектеп жасындағы 22 804 бала 628 млн. теңге сомасына мектеп формасымен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етілген.

Еңбекке қабілетті АӘК алушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1320 адам қатысты (545 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 608 адам жұмыспен қамтудың уақытша шараларына жіберілді, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 97 адам оқуға жіберілді, 7 адам жастар практикасына жіберілді, 24 адам кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем көрсетті).

Осылайша, еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту шараларына тарту АӘК алушылар санының қысқаруына және аз қамтылғандардың кедейлік шеңберінен шығуына әкеледі. 2019 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасы бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша өңірдің әлеуметтік картасы табысты іске асырылуда. Оны жүзеге асыруға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге бөлінді.

Әлеуметтік карта аясында тұрғын үй сертификаттарын беру, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ата-ана төлемақысын толық субсидиялау, жоғары оқу орындарына түсуге гранттар қарастырылған.

Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға. Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттелетіні белгілі. Алматы облысында да мүгедек адамдарға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Облыс бойынша барлығы 66 947 мүгедек азамат тіркелген. Оның ішінде 8843 бала, оларға техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтердің 55 түрі көрсетіледі. Бүгінгі күні оңалту құралдарымен және қызметтерімен шамамен 5 млрд.теңге сомасына 30,0 мыңға жуық адам қамтамасыз етілген. Оның ішінде шипажай-курорттық емдеу, жеке көмекшінің қызметі, арнайы жүріп-тұру құралдары және басқа да көмек түрлері бар. Сондай-ақ, «Инватакси» арнайы автокөлігінің 33 бірлігі тегін қызмет көрсетеді.

Облыста өмірлік қиын жағдайға тап болған 3 мыңнан астам адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 15 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде стационарлық жағдайда: психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдарға арналған алты орталық, мүгедек балаларға арналған екі балалар орталығы және қарттар мен мүгедектерге арналған екі орталық, мемлекеттің тұрақты қамқорлығындағы 3 орталық қызмет атқарады. Жартылай стационарлық үлгідегі үш орталық, уақытша тұру мекемесі және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық бар.

Ресми ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында стационар, жартылай стационар және үй жағдайында 20-ға жуық үкіметтік емес ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні арнаулы әлеуметтік қызмет ұйымдары 7770 адамды қамтыды. Апта сайын мүгедек балаларға арналған орталықтарда, жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйлерінде мәдени-музыкалық іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, оңалтудың кешенді курсын алу мақсатында мүгедек балалар жаңа жүзу бассейніне  барады. 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыс орталықтары мерейтойлық күндерді атап өтуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазанында қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылуының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді. Қарт адамдарға жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылы 74 млн.теңге сомаға орталықтың аумағын абаттандыру жүргізілді. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы 15 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Жалпы ағымдағы жылы 9 медициналық-әлеуметтік мекеменің аумағы абаттандырылды, көгалдандыру, асфальт төсемін ауыстыру жүргізілді, воркаут алаңдары орнатылды, футбол алаңдары салынды. 2 медициналық-әлеуметтік мекеменің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, 8 мекемеде тірек-қимыл аппаратының дамуы үшін балалардың бұлшық еті мен иммундық жүйесін нығайтатын заманауи оңалту жабдығы сатып алынды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 460 млн.теңге бөлінді. Талғар қаласындағы «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 50 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Аталған орталық мүгедектігі бар балаларға толық оңалту көмегін көрсететін болады.

Қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында "Қамқорлық" Тұңғыш Президент қорының бастамасымен  облыстық Ардагерлер кеңесінің базасында Талдықорған қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығын құру жоспарлануда. Бұл орталықта аға буын өкілдері бос уақыттарын тегін өткізеді: йога сабағы, фитнес-орталықтарға бару, музыкалық үйірмелер, еңбек терапиясы және тағы басқалар қарастырылған.

Сондай — ақ, ағымдағы жылы Тұңғыш Президент-Елбасының "Қамқорлық" қорымен бірлесіп Талдықорған қаласында аутизмі және басқа да ментальді бұзылушылығы бар балаларға арналған 50 орындық оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Осы мақсатта құны 280 млн. теңге болатын ғимарат сатып алынады. Аталған орталық көрсетілген спектрлі бұзылушылығы бар балаларға қызметтердің толық кешенін көрсететін болады. 

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін Талдықорған қаласында «Тең Қоғам» орталығын ашу жоспарлануда. Орталық мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға, моральдық-психиологиялық жағдайына қолдау көрсетуге, әлеуметтік көмек пен басқа да көмек түрлерін ресімдеуге жәрдем беруге бағытталған.

2022 жылы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында психоневрологиялық аурулармен ауыратын адамдар үшін 180 орындық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда, бұл осы бағытта стационарлық үлгідегі мекемелерге орналастыруға кезек туралы мәселені шешуге мүмкіндік береді, 130 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бүгінгі таңда ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сондай-ақ, 2022 жылы Алакөл ауданының Үшарал қаласында мүгедек балаларға арналған 50 орындық оңалту орталығын ашу жоспарлануда, осы мақсатта ағымдағы жылы 80 млн.теңге сомаға ғимарат сатып алынды және қазіргі уақытта ағымдағы жөндеудің сметалық есебі жүргізілуде. Бұл орталықта бірге алып жүретін ата-аналардың тұруы үшін орындар қарастырылған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 85 орындық 2 оңалту бөлімшесін ашу жоспарлануда. Оның ішінде "Қаратал" күндіз болу орталығы жанында 50 орынға және Сарқан ауданының Сарқан қаласында 40 орынға арналған бөлімшелер ашылады.

Сонымен қатар, Қапшағай қаласының арнаулы қызмет көрсету орталығының жанынан мүгедектігі бар ересек адамдарға арналған 50 орындық оңалту бөлімшесін ашу жоспарлануда.

Осы мақсатта жергілікті бюджет қаражаты есебінен заманауи оңалту жабдықтарын сатып алуға және ағымдағы жөндеу жүргізуге 220 млн.теңге бөлінді.

2022 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жоспарлануда.

Бүгінгі күні оңалту орталығын салу үшін жер учаскесі анықталды. ЖСҚ әзірленуде (2021 жылғы 3 маусымда «Компания „СТРОЙТЕКС“ ЖШС-мен осы орталық бойынша ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалды. Мемлекеттік сараптаманы алудың жоспарланған мерзімі 2022 жылдың наурызына дейін).

Жоғарыда аталған орталықтар жұмыс істеген кезде облыс бойынша қамту жылына 8 мың адамды құрайды.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етілу жұмыстары жалғасуда.

Бағыттардың бірі болып Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша Жол картасын әзірледі.

2021-2025 жылдар аралығында „Кедергісіз келешек“ партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 1294 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ағымдағы жылға 258 нысанға бейімделу жұмыстары жүргізілу жоспарланып, 141,4 млн. теңге жергілікті жерден бөлінді, бұл мақсатта  бюджет республика бойынша ең маңызды болып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:54
Қайта құрудан егемендікке дейін: Теміртауда «Өзгерістер уақыты» көрмесі ашылды
Сайт әкімшілігі 12:52
Жезқазғанда «Мен – Жас Қазақстандықпын» қала жастарының форумы ұйымдастырылды
Сайт әкімшілігі 11:15
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Сайт әкімшілігі 10:02
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты
Сайт әкімшілігі 08:52
Коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 08:32
Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30