#Qazaqstan30: Тарихи тұлғалар бейнесі

Еркежан АРЫН

20.06.2021, 17:00

788

Еңбекшіқазақ ауданында мерейтойлық даталарға байланысты жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, сонымен қатар, мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаев бейнеленген муралдар пайда болды. Суреттер Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы көп қабатты үйлердің қабырғаларына салынды.

Бұл «ескерткіштер» еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ж. Жабаевтың 175 жылдығы мен М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналып жасалып отыр. Муралдар қазақ тарихында сүбелі еңбегі бар тұлғаларды  ел жадында жаңғырту мақсатында салынған. 

Бұл шығармашылық жұмысты бұған дейін Алматы облысы мен Алматы қаласында үй қабырғаларына 50-ден астам бейнелер салған суретші Александр Романов орындады. Ол — ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының, хан батыры атанған Қабанбайдың муралдарын бояуымен бейнелеген танымал суретші. Бұл суреттер Алматы облысы Үшарал қаласындағы көп қабатты үйлердің қабырғаларынан көрініс тапқан. Енді Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Ә. Жақанбаевтың қолдауымен қылқалам шеберінің көшедегі суреттері Есік қаласының биік үйлерінің қабырғасына көрік беріп тұр. Нақтылай кетсек, қабырғадағы суреттерге шебер 265 сағатын және 60 кг бояу жұмсаған.

Сонымен қатар, биыл күзде Алматы облысында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы ерекше аталып өтпек. Қазір өңірде мерейтойға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ақынның кіндік қаны тамған Қарасаз ауылындағы мәдениет үйі мен музейі ағымдағы жөндеуден өтті. 1600-ден аса жәдігер сақталған мұражайдың ішінде жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауылға ауыз су тартыла бастады. Елді-мекен көшелеріне асфальт төсеу жоспарланып отыр. Жарықшамдар да орнатылмақ. Ал, Райымбек ауданының орталғы Нарынқолда екі бірдей саябақ ашылып, ақын Мұқағали Мақатаевтың тұлғаның ескерткіші орнатылады. Нұржан Құдайбергенов, Райымбек ауданының әкімі:

— Ескерткіш құрылысы 30 пайызға бітті. Сонымен қосымша ескерткіштің төңірегіндегі абаттандыру жұмыстары жасалып отыр. Толығымен ескерткіштің өзі абаттандырылуы тамыздың отызына дейін аяқталатын болады, — дейді.

Тегтер: #Qazaqstan30

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15