Қазақстанда "ақылды үй" қирай бастады

Сайт әкімшілігі

11.09.2020, 03:12

643

Нұр-Сұлтанда «ақылды үйдің» (Smart house тұрғын үй кешені) тұрғындары құрылыс сапасына наразы. Бұл туралы  «Хабар 24» телеарнасының эфирінде айтылды. 

Үйдің температуралық жапсарында проблемалар бар, қыстың күні көптеген пәтердің қабырғасы суық, көгерген, кей жерде вентиляция жұмыс істемейді, шатырдан су ағып тұр. 

«Менің екі балам бар. Кішкентайым жасқа, үлкенім төртке толмаған кезі еді. Суық болғаны сонша, екеуі де пневмониямен ауырып қалды. Балаларым далаға да шықпады, түсінесіз бе. Бірақ үй суық болды, бар жағынан жел соқты», — деді бизнес-класс үйдің тұрғыны.

Одан бөлек үйге кіріп-шығатын жол жоқ. Үйді салған компания көрші үйдің құрылысы аяқталған соң Түркістан көшесіне шығатын жолды жөндеп беремін деп уәде еткен. Құрылыс біткен, бірақ жол ашылмаған. Үйді жан-жағында бетон блоктар тұр.

Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов құрылыс компаниясы «жұмыстың бәрін қолына алған рұқсат құжаттарының аясында орындағанын» айтты.

«Smart house — ақылды үй» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің бұрынғы басшысы Қанат Абзалиев шағымға жауап берді.

«10 рет сот болған шығар және бәрі дұрыс, жақсы салыпсыңдар деді. Адамдар бизнесмендерден неғұрлым көп ақша алу үшін шу шығарады», — деді құрылыс компаниясының өкілі.

"Үй дұрыс салынған ба" деген сұраққа Абзалиев тұрғын үй кешенінде «туысының жартысы» тұратынын айтқан.

Тегтер: құрылыс тұрғын үй кооператив бизнес кәсіп

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11