Қазақстанда әскери қызметшілерді SMS арқылы шақыру басталады

Еркежан АРЫН

11.03.2021, 07:00

212

Пандемия жағдайында адамдар арасындағы байланыстарды азайту үшін әскерге көктемгі шақыру SMS арқылы жүзеге асырылатын болады.

18-27 жас аралығындағы әскери қызметке шақырылған он үш жарым мыңнан астам адам көктемгі шақыру кезінде Қазақстанның Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына қосылады. Қорғаныс істері жөніндегі департамент әскерге шақыруды осы жылдың 1 шілдесінде аяқтамақ.

«Биыл әскерге шақырылуға тиісті азаматтарды хабардар етудің жаңа әдісі қолданылады. Пандемия жағдайында байланыстарды азайту үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервистік қызметі SMS хабарламаларды пилоттық режимде жүргізеді», — деп Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қарулы Күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары бөлімінің бастығы полковник Сәкен Жүсіпов есеп берді.

Ол сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілерді ПТР зерттеудің екі рет: шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде жиналу орындарында жүргізілетінін түсіндірді. Әскери қызметшілерді вакцинациялау кезекші пункттерде ұйымдастырылады.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жұмыстан шығару және 2021 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойғаны туралы хабарланған болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24