20.05.2020, 06:56
369
Қазақстандабиыл Ораза Айт намазы оқылмайды.
Діни басқарма өкілі Ағабек Қонарбайұлының мәліметінше,пандемия жағдайында Қазақстан Діни басқармасына осындай шешім қабылдауға тура келген.
«Жуырда ғана бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегіжағдайға байланысты үндеу жариялаған болатын. Ол үндеуде бас муфти халықтыҚадір түнін үйде қарсы алуға шақырған еді. Қазір төтенше жағдай мерзімібіткенімен, карантиннің қауіпі әлі сейілген жоқ. Сондықтан еліміздегі бассанитардың қаулысына сәйкес Ораза айт намазын мешіттерде оқымау туралы шешімқабылданды»,-деді бізге Діни басқарма өкілі Ағабаек Қонарбайұлы.
Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте 218 адам коронавирус індетіменауырғаны белгілі болды.
Өсім 3,2% құрады.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,5%)
Алматы қаласы – 37 (2,0%)
Шымкент қаласы – 50 (11,4%)
Атырау облысы – 23 (3,0%)
Қостанай облысы – 12 (12,2%)
Түркістан облысы – 5 (2,1%)
Қарағанды облысы – 24 (9,1%)
Батыс Қазақстан облысы – 10 (3,0%)
Қызылорда облысы – 5 (2,0%)
Алматы облысы – 7 (3,3%)
Жамбыл облысы – 9 (4,3%)
Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)
Ақтөбе облысы - 3 (1,3%)
Жалпыел бойынша ауырғандар саны - 6969.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР