15.11.2019, 07:31
85
Қазақстанда былғарыөңдейтін жалғыз зауыт банкрот болды. Бұл жөнінде КТКтелеарнасыхабарлады.
Семей қаласындағыжалғы былғары өңдеу зауытының 200 қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені 130жылдық тарихы бар зауытты облыстық сот банкрот деп таныды.
Зауыт әкімшілігініңсөзінше, кәсіпорынның осындай күйге жетуіне шенеуніктер кінәлі. 2008 жылданбастап комбинат қайта жарақтану жұмыстарын бастаған. Бірақ қаржы жеткілікті дәрежедеберілмей тоқтап қалған.
«Сотта Қаржы инспекциясықарыздарды қайтарып алатынын айтты. Бірақ сот бұған қарамастан бізді банкротдеп таныды. Қазір біздің қарамағымызда Семейдің оң жағалауын тазартатын құрылғыбар. Ол бір күн тоқтап қалса табиғи апат болады» — деді комбинат директорыЖұмағазы Рахымғалиев.
Комбинат басшылығысот шешімімен келіспейді. Алдағы уақытта Жоғары сотқа шағымданбақ.
Фото: КТК
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР