Қазақстанда халық денсаулығы туралы жаңа кодекс қабылданған

Сайт әкімшілігі

04.09.2020, 02:15

291

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

17 маусымда кодексті парламент қабылдады.

Еске сала кетейік, Кодекстің жобасын талқылау кезінде айтылған міндетті екпелерден бас тарту мүмкіндігін ескере отырып, Сенат депутаттары «азаматтардың саналы келісім беру немесе медициналық араласуды жасаудан бас тарту құқығы», «және профилактикалық егулерді қоса» сөздерін қосты.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодексте медициналық қызметкерлер клиникалық зерттеулер жүргізу, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану тәртібін, егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқтырса немесе лауазымды тұлға жасаған болса ғана қылмыстық заң бұзушылық ретінде қарастырылатын болады. Ал егер ол әрекеттер ауыр зардаптарға соқтырмаса немесе лауазымды тұлға жасамаған болса, дәл сол әрекеттер Әкімшілік кодекске ауыстырылады.

Медициналық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғау үшін өтінішке уәкілетті мемлекеттік орган жүргізген тексерулердің тиісті актілерін қоса тіркеу қажет болатындығы туралы норма енгізілді.

Еркежан АРЫН

Тегтер: денсаулық кодекс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02