Қазақстанда ірі қылмыстық топтың жолы кесілді

Сайт әкімшілігі

14.09.2020, 08:07

781

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «А» және «Бүркіт» арнайы бөлімшелерін тарта отырып, астана төңірегінде жұртты қорқытып, рейдерлікпен және қару саудасымен айналысқан «Әлібековтер», «Ибрагимовтер» және «Махмудовтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының аса қауіпті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция шеңберінде аталған топтардың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды, олардың біреуі Ресей Федерациясында бандитизм мен адам өлтіргені үшін халықаралық іздестіруде болатын. Атыс қаруының, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы алынды. Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар дәлелдемелерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Карантиндік шектеулер жағдайында қылмыстық топтар өздерінің қылмыстық белсенділігін төмендетпей, экономикалық қиындыққа тап болған кәсіпкерлерден қорқытып алумен және рейдерлікпен айналысуды жалғастырған. Бөтеннің мүлкін алып қою кезінде олар атыс қаруы мен дене күшін қолдану арқылы дөрекілік пен қатыгездік танытқан. Осы жағдайларда ел басшылығы құзыретті органдар үшін бейбіт азаматтарға бандиттік элементтер тарапынан қауіп-қатерлерді жою, қоғамның 90-жылдардағы «рэкетирлікке» қарай құлдырауына жол бермеу бойынша міндеттерді басымдылықтар қатарына қойып отыр. Арнаулы қызметтер мен полицияның қылмыстық топтардың жоспарлары мен ниеттерін анықтау және оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмысы жалғасуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 14:45
Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бірегей жоба жүзеге асырылады
Мариям МАҚСАТ 07.04.2021, 08:17
Қараша халықтан тартып алмаған не қалды?
Еркежан АРЫН 06.04.2021, 15:16
2021 - Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19